Финансы
198062 Ұлттық Банк төрағасы Еуро­паның былық-шылығы туралы айтты ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Марченко: Қазір бізге азиялық мемлекет болған тиімді

Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко ай сайынғы кезекті отырысын осы жолы "сүйінші" хабардан бастады. 

Марченко: Қазір бізге азиялық мемлекет болған тиімді
Фото с сайта tengrinews.kz

"Ұлттық банктің банктік сервистік бюросы" РМК Түрікменстанның Орталық банкі ұйымдастырған ашық тендерді ұтып, олардың ұлттық төлем жүйесін құруға тікелей атсалысатын болыпты.

– Біз отандық монета сарайы, банкнот шығаратын фабрика өнімдерімен мақтана аламыз. Енді бұған төлем жүйесі жиынтығы тасымалын бағдарламалық қамтуды қо­су­ға болады.

Ағылшын, швед компания­лары қатысқан конкурста біздің еншілес компаниямыз жеңіп шықты. Бұл – біз үшін ай­тарлықтай көрсеткіш. Бәйге қорытын­дысы бойынша, "Ұлттық банктің банктік сервистік бюросы" РМК Түрікменстанның Ор­талық банкіне нақты режімдегі жалпы есептер мен клирингтік есеп жүйелерін, басқа да инфрақұрылымдық компоненттерді қамтитын бағдарламалық кешенді жеткізіп, енгізіп береді.

Бұл Ұлттық банк компаниясы үшін жекеменшік ІТ өнімдерін тасымалдаудағы отандық нарықтан тыс қолға алған ең көлемді жобасының бірі болып табылады, – дейді Ұлттық банк төра­ғасы кеше Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында.

Мәслихат талқысынан соңғы кездері көп ауызға алынып жүрген рубль курсының кері кетуіне байланысты девальвация жайы да тыс қалған жоқ. "Кеден одағы аясында басымыз бір болғанымен, әзірге Орталық банктердің ұстанған стратегиясы мен саясаты мүлде бөлек", — деген Г.Марченко мыр­за, жақын болашақта ұлттық валюта де­валь­вациясының орын алуына ешқандай негіз жоқтығын айтты: 

– Ресейде курстың ауытқу деңгейі кең ауқымды қамтиды. Ал бізде — керісінше. Сондықтан алдында біз 1 доллар 40 рубль тұрып жатса, сол кезде ұлттық валютамыз­ды девальвациялауымыз мүмкін деп болжам айтқанбыз. Нақты жағдай көрсетіп от­ыр­ғандай, 1 долларға шаққандағы рубль­дің құны бұл шекті әлі қамтыған жоқ, қам­тымайды да. Өйткені олар қазір рубльді ны­ғайту жағын қолға алуда. Соған сәй­кес, теңгені біршама күшейтуіміз мүмкін. Мак­ро­экономикалық көрсеткіштеріміз де жа­ғымды. Мұндай жағдайда курсқа өзгеріс ен­гізудің қажеті жоқ.

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы өз сөзінде әлемге төніп келе жатқан екінші қаржылық дағдарыстың біріншісінен ай­ыр­машылығы қандай екендігі және одан қалай қорғану керектігі туралы ойымен де бөлісті.

"Бастапқысына қарағанда осы жолғы дағдарыстың бір ерекшелігі: халықаралық нарықта шикізатқа деген сұраныс артпаса, азайған жоқ. Яғни өткен әлемдік қаржы­лық дағдарыс кезеңінде шикізат құнсыз­да­нып, бұл өнімді экспорттаушылар абдырап қалып еді. Ал бұл жолы мұндай нәубаттан аулақ тұрмыз.

Жалпы, Қазақстан географиялық жағынан өте ыңғайлы жерде, Еуразияның кіндігінде ор­наласқан. Еуро­паның былық-шылығына басымызды сұ­ғып қайтеміз, бұрын кеңес заманында өзі­мізді Шығыс Еуропа мемлекеті ретінде көр­сетуді жақсы көрсек, бұл жолы азиялық мемлекет бола салайық.

Бұл ретте Елбасы­мыздың ұстанып отырған көпвекторлы сая­саты ұтымды рөл атқаратындығына сенім­дімін", – дейді Г.Марченко мырза.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 5

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .