195946 Шығыс Қазақстандағы Черемшанка құс фабрикасы ақыры банкротқа ұшырап ты... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Черемшанка құс фабрикасы ақыры банкротқа ұшырап тынды

Шығыс Қазақстандағы Черемшанка құс фабрикасы ақыры банкротқа ұшырап тынды. 

Черемшанка құс фабрикасы ақыры банкротқа ұшырап тынды
Фото: dw-world.de

Мұндай шешімді аймақаралық экономикалық сот  шығарған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Енді фабриканың қалған барлық мүлкі саудаға түседі. Алайда мекеме басшылары қайтадан шағымданбақ.

Ал Черемшанка құс фабрикасының жұмысшыларына көк тиын төленбейтін болды. Мекеменің жұмысшылары алдындағы қарызы 48 миллион теңге, ал мемлекетке берер салық көлемі 116 миллионды құраған. Сондай-ақ фабрика қожайындары банктерге де 322 миллион теңге берешек.

Қысқасы,  қарызға белшеден батқан. Бұған дейін маңдай тер ақыларын ала алмаған халық екі мәрте аштық жариялап, наразылық білдірген. Алғаш былтыр күзде ауыздарына ас-су алудан бас тартқан жұмысшылардың әрекетінен кейін компания басшылары ауысты.

Бұрынғы иелері астаналық инвесторларға фабриканы 1 теңгеге сатып кеткен-ді. Жаңа келген басшылар да ештеңе істей алмаған.

Елена Нагайцева, ҚР Қаржы министрлігі, борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттің аймақаралық департаменті бастығының міндетін атқарушы:

- Дәл қазіргі уақытта құс фабрикасының басшыларына қатысты іс қаралып жатыр. Әдейі, жалған банкрот жасалды деген күдік бар. Олардың жұмысшылар алдындағы қарыздары күн санап көбейіп барады. 

Источник: КТК

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .