Финансы
195868 Енді Ұлттық ғарыш агенттігі тендер жариялап, спутникті сақтандыратын компанияны іздестіріп жатыр ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

"Қазсат-2" көкке ұшырылғанымен әлі сақтандырылған жоқ

Енді Ұлттық ғарыш агенттігі тендер жариялап, спутникті сақтандыратын компанияны іздестіріп жатыр. 

"Қазсат-2" көкке ұшырылғанымен әлі сақтандырылған жоқ
Фото с сайта satfly.ru

Бұл бүгін мәжілсте өткен үкімет сағатында талқыға түсті. Сондай-ақ отырыста ғарышкерлер күнін 2-қазанға яғни, тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа самғаған күніне ауыстыру мәселесі-де сөз болды.

Бірақ 2-ші ғарышкер, қазіргі Ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев бұған үзілді-кесілді қарсы шықты. Неліктен?

Үкімет сағаты негізі ғарыш саласына арналған. Алайда депутаттарды әдеттегідей Байқоңыр қаласының әлеуметтік мәселелері алаңдатып отыр. Бірақ бұл жолы халық қалаулылары тиісті жауаптарын алды. Себебі, отырысқа Байқоңыр кешеніндегі Елбасының арнайы өкілі келіпті.

Қазақстанның тұңғыш жер серігі "Қазсат 1-ден" ақау шығып, оған қатысты талай дау туғаны белгілі. Сондықтан депутаттар, алдымен "Қазсат-2-нің" жағдайын сұрап алды.

ВЛАДИМИР НЕХОРОШЕВ — ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

"Қазсат 2" сақтандыру фирмасы анықталды ма? Дәл осы уақытта „Қазсат 2-ге“ кім жауапты?

ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ — ҚР ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

„Қазсат 2“ тиісті жерінде тұр. Ресейден спутник бізге берілген кезде ғана біз оны сақтандыра аламыз. Ал қазір әзірге оның қауіпсіздігіне Ресей тарапы жауапты. Біз сақтандыру компаниясын іздеп жатырмыз".

Сақтандыру мекемесі алдағы айда анықталмақ. Үкімет сағатында сондай-ақ Байқоңырдағы қазақтардың әлеуметтік жағдайы да сөз болды. Бұған дейін бұл менің құзыретіме жатпайтын мәселе деп ат-тонын ала қашатын Ғарыш агенттігінің басшысы, бұл жолы түсініктеме беретін тиісті қызметкерді ерте келіпті. Оның айтуынша, шаһардағы мәселелер біртіндеп шешімін табуда.

Сақтандыру мекемесі алдағы айда анықталмақ. Үкімет сағатында сондай-ақ Байқоңырдағы қазақтардың әлеуметтік жағдайы да сөз болды.

СӘБИТ ҚОЖАМЕТОВ — ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ "БАЙҚОҢЫР" ҒАРЫШ КЕШЕНІНДЕГІ АРНАЙЫ ӨКІЛІ: 

"Қазақ мектептерінің ішінде қазақстан тарихы, қазақ тілі және қазақ әдебиеті компоненті, математика физика пәндері, арнайы пәндер Ресей бағдарламасымен жүріп отырса, ішіндегі компоненттері біздің қазақ тілінде жүреді".

Ал бірнеше жыл қатарынан космосқа ұшуға қамданған қос ғарышкеріміз, әзірге көкке көтерілмейтін сыңайлы. Оған Қазақстанның қалтасы көтермейді деген сыңай танытты Талғат Мұсабаев. Ол, сенатор Ғани Қасымовтың ұсынысына да пікір білдірді. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан күні 2-ші қазанды мереке ретінде белгілеуге түбегейлі қарсы екенін жеткізді.

Источник: 7 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 8

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .