193501 Оның ақысы 500 доллар шамасында ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

"Қорғас" кеден бекетіндегі жүк тасымалдаушылар жаңа жүйе ойлап тапты

Адамнан айла артылмас! Қазір "Қорғас" кеден бекетінде жүкті жеткізіп берумен айналысатын қызмет түрі пайда болды. "Қорғас" кеден бекетіндегі жүк тасымалдаушылар жаңа жүйе ойлап тапты

Шекарадағы делдалдарға тиісті тиын-тебенін ұстатсаңыз болды, көлігіңізді Қытай жеріне дейін өткізіп береді.

Жүк тасымалдаушылар мұндай құйтырқылыққа Қытай билігі виза беруді тоқтатқаннан кейін барып отырмыз, — дейді.

"Қорғастағы" жүк көліктерін бақылау бекетінде қазір бұрынғыдай абыр-сабыр қозғалыс жоқ. Себебі, көптеген жүк тасымалдаушылардың визасы аяқталған.

Сондықтан, соңғы біржарым айда екі ел арасындағы тауар тасымалы біраз саябырсыған.

Дәулет Ердешовтың, жеке бір компанияға жалданып жұмыс істегеніне бір жылдан асыпты. Ол, Қытайдан құрылыс материалдарын жеткізіп бергені үшін айына 2000 доллар еңбекақы алады екен. Алайда, енді бір айдан кейін визасының жарамдылық мерзімі аяқталады. Қайта ашуға Қытай жағы қиқарлық танытуда. Сондықтан, Дәулет үлгеріп қалуы үшін күн-түн демей тауар тасып жүр. Есесіне отбасы мен бала-шағасын көрмегеніне үш ай болыпты.

ДӘУЛЕТ ЕРДЕШОВ — ЖҮК ТАСЫМАЛДАУШЫ: 

"Виза біткеннен кейін жұмыс тоқтайды. Жұмыс болмағасын Қазақстанның ішінде не жүк тасимыз. Шеттей бала-шаға. Олардың бәріне тамақ, киім керек. Енді виза тоқтайды, бір рейс кіреміз сонымен болды да".

Қазір "Қорғас" кеден бекетінде, Қытайдан Қазақстанға бет алған екі жүздей жүк көлігі кезек күтіп тұр. Олардың жартысына жуығы бүгін шекарадан өтіп үлгереді — дейді мамандар. Себебі, бұл бекетте былтырғыдай қарбалас байқалмайды. Сондықтан кедендік бақылаудан өткізіп, құжаттарын рәсімдеуге көп уақыт кетпейді екен. Есесіне, екі ел арасындағы жүк тасымалы біраз қысқарған.

ДАНИЯР ҚАМАШЕВ — "ҚОРҒАС" КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ: 

"Қазақстан Республикасынан Қытайға күнделікті 60–70 автокөлік өтеді. Ал Қытайдан біздің әріптестердің берген, ақпаратына сәйкес, күнделікті 70–80 көлік кіреді".

Ал, Қазақстаннан Қытайға бет алған жүкөліктерінің де азайғаны байқалады. Бұған дейін иінтіресіп тұратын шекарада, бүгін бар болғаны елу шақты көлік кезек күтуде. Олардың басым бөлігінде көрші елге кіретін рұқсат қағазы жоқ екен.

Сондықтан, жүргізушілер жүкті жеткізіп берумен айналысатын делдалдардың көмегіне жүгінуде. Олар Қытайдан тиісті тауарыңды тиеп, Қазақ топырағына дейін өткізіп береді екен. Көрсетілген қызмет ақысы 500 доллар шамасында. Сондықтан, визадан қағылған кәсіпкерлер енді қосымша шығындануға мәжбүр.

Источник: 7 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 3

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .