Финансы
192772 "Электронды сауда орталығы" мамандарының мәліметінше, биылғы жылы Қаза... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанда жылқы етіне сұраныс төмендеді

"Электронды сауда орталығы" мамандарының мәліметінше, биылғы жылы Қазақстан нарығында жылқы етіне деген сұраныс төмендеген. 

Қазақстанда жылқы етіне сұраныс төмендеді
фото с сайта aktobegazeti.kz

Республика халқының басым бөлігі қазір де сиыр етін тұтына бастаған. Жалпы, бұл ретте мәліметтерге сүйенсек, www.goszakup.gov.kz веб-порталының деректері бойынша, 2011 жылы Қазақстанда ет пен ет өнімдеріне жасалған мемлекеттік тапсырыс көлемі 26,3 млрд теңгені құраған.

Осылайша, 2011 жылы мемлекет ет және ет өнімдерін сатып алу үшін 26,3 млрд теңге жұмсап отыр. Аталмыш де­рекке сәйкес, мемлекеттік сатып алу ба­рысында сиыр мен бұзау етін пайдалануға 8,2 млрд теңге бөлінсе, одан кейін қой етін са­тып алуға 6,5 млрд теңге қарастырылған.

Үшінші орында құс етіне 5,4 млрд теңге бө­лінсе, тапсырыс көлемі бойынша төртінші орынға қосалқы ет өнімдері орналасты. Қосалқы ет өнімдеріне 4 млрд теңге, бе­сінші орындағы шұжық өнімдері – 1,1 млрд теңге бөлу қарастырылған. Ал ең соңғы алтыншы орында дәстүрлі жылқы еті. Жылқы етін тұтынуға мемлекеттік сатып алулар бойынша 842 млн теңге қа­рас­ты­рыл­ған. 

Бұл тұрғыда "Электрондық сауда ор­талығы" ЖШС басқармасының төрағасы Сұл­танжан Ахметов:

– Міне, осылайша, мемлекет ет және ет өнімдерін сатып алу үшін қанша ақ­ша жұмсалатынын сұрыптап біліп отыр. Осындай талдауларға қарап бо­ла­шақта отандық кәсіпкерлер өз жұ­мы­сын алдын ала жоспарлай отырып, мем­лекеттік сатып алуларға қатыса ала­ды, – деді.

 

 

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .