Финансы
191788 Қазақстанда иттің етін жеуге тыйым салатын заң бар ма? Жалпы, жеуге бо... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанда халал жануар­лардың тізімі бекітілмек

Қазақстанда иттің етін жеуге тыйым салатын заң бар ма? Жалпы, жеуге бола­ты­н нәрселерді анықтайтын заң қарастырылған ба? 

Қазақстанда халал жануар­лардың тізімі бекітілмек
фото с сайта focus.kz

Бұл сұраққа жауап беру үшін біз стан­дарттау саласының маманы Бекжан Махмет­тегіне хабарласқан едік.

Оның айтуынша, Қазақстанда әрбір жануарды жеуге рұқсат беретін нақты заң болмаға­нымен, арнайы санитарлық норма бар.

Бірақ оның ішіне айтылып отырған үй жануары кірмейді.

Демек, елімізде иттің етін жеуге рұқсат беретін заң жоқ деген сөз.

Жалпы, иттің етін жеу шариғат­қа да қайшы келеді.

Бұрынғы кезде қазақтар иттің етін жегендерді кәпір деп атаған. Қазақтардың ұғымында ит дегеніміз –  қасиет­ті жануар, ол – жеті қазынаның бірі. Б.Махмет­тегінің сөзіне қарағанда, қазіргі күні елімізде "Қазақстан-Ислам стандарты халал" деген бірлестік құрылғалы отыр. Егер ол ашылатын болса, мамандар жеуге болатын халал жануар­лардың тізімін жасап, заң жүзінде бекітуді көздеп отыр.    

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .