Финансы
191176 Астанада аты дардай мекеме төңірегіндегі тартыс, нағыз дау -  дамайға ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Рейдерлікке қатысты дау-дамай компанияның жабылуына әкеліп соқты

Астанада аты дардай мекеме төңірегіндегі тартыс, нағыз дау -  дамайға ұласты. "Агроцентр Астана" серіктестігінің үлескерлері бір - бірін жемқор деп айыптап жатқанын жақында хабарлағанбыз. Қызығы олардың бірі мәжіліс депутаты Ромин Мәдинов екені айтылған. 

Рейдерлікке қатысты дау-дамай компанияның жабылуына әкеліп соқты
Депутат Ромин Мадинов, кадр телеканала "7"

Ал бүгін астық өндіріп, оны сатумен айналасатын бірегей алпауыт кәсіпорын уақытша жабылып тынды.

Ал, депутат Мәдинов мекемеге еш қандай қатысым жоқ деп отыр.

Онда неліктен компания басшыларына қарай жұдырық ала жүгірді. 

Астық сатумен айналысатын алпауыт компания басшылығына мәжіліс депутаты Ромин Мәдинов келгелі тыныштық кетті дейді акционерлердің бірі.

Міне, ақыры Агроорталық - Астанауақытша  жабылдыда қалды.

Бір бірімен қырық пышақ болған екі қожайынның жақтастары мәжбүрлі демалысқа кеткен. Ал күзетшілер қай басшыға бағынарын білмей дал. 

Ал депутат Мәдинов болса Агроорталық астанаға үш қайнасам сорпам қосылмайды деп отыр.

Ромин Мәдинов - Мәжіліс депутаты

- Жоқ, не какого қатысым жоқ. Это 100 процент. 

Олай болса мәжілісмен Мәдинов құрылтайшының бірімен неге құжатқа таласып жүр деген ойда қаласыз.  Депутат жұдырығы мықты желаяқ екенін дәлелдеді. Қып-қызыл төбелес болған еді. 

Мәжіліс депутаты бұл оқиғаның басшылар арасындағы дауға қатысы жоқ деп ақталды. 

Ромин Мәдинов - Мәжіліс депутаты

"Жақын танысымның сөмкесін тапа тал түсте ұрлап кетті. Ұрыны ұстау үшін жүгірдім. Қарап отыруым тиіс еді, жақсы желаяқ екенімді теледидардан көріп байқадым". 

Қазір мұнда жіті тексеріс жүріп  жатса керек, құқық қорғау органдарының көліктері қаптап тұр. Ал, агроцентр - Астана серіктестігі құрылтайшыларының бірі Владимир Чалышев мәжіліс депутаты рейдерлік жасады деп отыр.

Владимир Чалышев - "Агроцентр Астана" ЖШС құрылтайшысы

"Бұл агроорталық оған қажет те емес. Биыл астықтан мол өнім түсіп отыр. Сондықтан да маған шабуыл жасап жатыр. Рейдерлік жасап тартып алмақшы". 

Ромин Мәдинов - Мәжіліс депутаты

"Кезінде 50 пайыз үлес менікі болған. 1 пйаызы Чалышевтікі. Өз үлесімді сенімхатпен оған бергенім рас. Кейін сот арқылы одан алып, ұлым мен әйелімнің ағасына бердім. Бәрі заңды". 

Дегемен қойшы көп болса қой арам өлетіні белгілі. Құрылтайшылар  таласып жатқанда алқаптарға орақ түспей қалуы мүмкін. Өйткені шаруаларға  тиісті қаржы аударылмаған көрінеді. 

Источник: 7 канал
В статье: Новости Астаны

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 3

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .