Финансы
190147 "Қазмұнайгаз": "Олар елдегі тұрақсыздықты көздеп жүр" ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Ереулшілердің артында арандатушы күштер болуы мүмкін

Маңғыстаудағы мұнайшыларды ереуілге шығарып, елдегі тұрақсыздықты көздейтін саяси күш бар. 

Ереулшілердің артында арандатушы күштер болуы мүмкін
фото Жанны БАЙТЕЛОВОЙ, газета "Время"

Бүгін "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы осылай деп мәлімдеді.

Ал, жұмысшылар сол арандатушылардың жетегінде кетіп жүр дейді.

Соның салдарынан кәсіпорын 170 мың тонна мұнай өндіре алмай қалды.

Ал жылдық мұнай өндіру жоспары 600 мың тоннаға кеміді.

Бұған дейін мұнай компаниясы жұмыстан себепсіз қалған 310 жұмыскерді қызметінен босатты.

Қазір ереуілшілер олардың жұмысқа қайта алуын талап етіп отыр. Компания елдегі тұрақтылық үшін бұл талапты орындауға дайын. Бірақ бір шарт қойып отыр.  

Дәулет Жұмаділ - "ҚазМұнайГаз" барлау өндіру" АҚ баспасөз хатшысы

"Бұл мәселені талқылау үшін мемлекеттік органдар заңсыз деп баға берген наразылық акциясын тоқтауы тиіс. Бәрі де, жұмыскерлер жаппай жұмысқа шықса ғана қандай да бір мәселені қарауға дайынбыз". 

Ал облыс әкімі Қырымбек Көшербаев екі айдан бері ереуілдетіп жатқан "Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамы мен оған қарасты еншілес кәсіпорын еңбеккерлерімен кездесіп, жұмыстарына кірісуге шақырды. Екі жақты мәмлелестіретін жұмыс тобы құрылатын болды.

Оның құрамына жұмысшылар мүддесін қорғаушылар да кіреді. Ал комиссия қызметін аяқтамайынша, ешкім жұмыстан шығарылмайды. Әкім оған мараторий жарияланғанын хабарлады.

Естеріңізге салайық, жалақысын көтеруді талап етіп,  наразылық білдірген мұнайшылардың саны соңғы рет 1 200 адамды құрады. Бүгін оның 200-дейі жұмыстарына қайтып оралған. 

 
 

 

Источник: 7 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 13

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .