Финансы
185943 Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз банкроттық фактісі анықталды. Бұл ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Оңтүстік Қазақстанда заңсыз банкроттық фактісі анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз банкроттық фактісі анықталды. Бұл жөнінде облыс прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Оңтүстік Қазақстанда заңсыз банкроттық фактісі анықталды
Фото: profinance.kz

"Облыс прокуратурасы Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жаңадан ашылған жағдайларға байланысты соттың 2010 жылғы 2 маусымдағы шешімін қайта қарастыру жөнінде өтініш берілді", - деп хабарлады баспасөз қызметінде. 

"Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 02.06.2010 жылғы шешімімен "КАС Мұнай" ЖШС банкрот болып жарияланғаны анықталды. Салық және басқа да міндетті төлемдер есептерін салыстыру актісі бойынша, "КАС Мұнай" ЖШС бюджетке төленетін салықтық және басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлық қарызы 127 млн. теңгені құрайды.

Алайда тексеріс барысында белгілі болғандай, 04.12.2009 жылғы аванстық есептерге сәйкес, ЖШС директоры ақшалай күйінде 678 млн. теңгеге ие болып, көрсетілген қаржының 141 млн. теңгесі түрлі мақсаттарға жұмсалған. 20.12.2009 жылғы №00000000080 аванстық есеп бойынша, ЖШС директорының қолында 536 млн. 814 мың теңгеге тең қаражат болған.

Яғни, салықтық қарыз қалыптасқан кезінде ЖШС-ның оны толық көлемде өтеуге мүмкіндігі болды", - деп түсіндірді прокуратурада. 

"Қазіргі уақытта жоғарғы атаулы фактілер бойынша ОҚО экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті тексеріс амалдарын жүргізуде", - деп қосты баспасөз қызметінде.  

В статье: Юко, Шымкент

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .