Финансы
185810 Билік мұнайшылардың талаптарына әлі құлақ аспаған ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Ереуілге қатысқан мұнайшы қайтыс болды

Маңғыстау облысында  ереуілге шыққан "Қаражанбасмұнай" компаниясының бір  жұмысшысы қайтыс болды. Сәбит Кенжебаевтың жүрегі тоқтап қалған. 

Ереуілге қатысқан мұнайшы қайтыс болды
кадр телеканала "7 канал"

Кәмелеттік жасқа толмаған төрт баланың әкесін, мекеме басшылығы жұмыстан шығармақ болыпты.  Естеріңізге салайық, ереуіл 20 күн бұрын басталған болатын. Жұмысшылар,  кәсіпорын басшылығынан жалақыны өсіріп, зиянды жұмыс үшін қосымша төлем төлеуді және өз құқықтарын шетелдік жұмысшылармен теңестіруді талап еткен еді.

Бірақ олардың бұл талаптарына ешкім құлақ аспаған.  Ақтаулық тілшілеріміздің хабарлауынша дәл осы уақытта жаппай наразылық шарасын ұйымдастырушылар облыстық әкімдік ғимаратының  алдына ағылып келіп жатыр.

Алайда bnews.kz агенттігінің хабарлауынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Гүлшара Әбдіхалықоваға мұнайшылар жалақыны көтеруді неге талап етіп отырғанын түсінбейді.

Бұл туралы бүгін ол ҚР Парламент Сенатының пленарлық мәжілісі барысында мәлімдеді.

"Бұл алғаш рет емес. Өткен жылы ғана пәтуаға келген едік, бәрі шешілді, адамдар неге үнемі жалақыны көтеруді талап ететіні түсініксіз... Ол еңбек өнімділігіне байланысты нәрсе ғой", - деді Г. Әбдіхалықоваға.  

"Жаңаөзен бойынша (…) аймаққа Еңбек министрлігі өкілдері барды... Біз олардың (жұмысшылардың) талаптарын мұқият қарап шықтық, (…) түсінбестік болды, бірақ келiсiм комиссиясы барысында нақтылы шешiмге қол жеткіздік", - деп түсіндірді ол.   

Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында жұмысшылардың заңсыз ереуілге шығуының салдарынан "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" компаниясы тәулік сайын екі мың тоннаға жуық мұнайдан қағылып жатқанын еске салып өтеміз. 

 

Источник: 7 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 32

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .