Финансы
185683 Қазақстан Мұнай және газ министрлігі 2011 жылдың маусымынан бастап ЖЖМ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Мұнай министрлігі бензин мен дизельді отынның шекті бағасын белгіледі

Қазақстан Мұнай және газ министрлігі 2011 жылдың маусымынан бастап ЖЖМ-ның ЖҚБ-дағы шекті бағасын белгіледі. Мұнай министрлігі бензин мен дизельді отынның шекті бағасын белгіледі

Аи-92/93 бензинінің бір литрі үшін – 102 теңге, Аи-80 – 83 теңге, дизельді отын – 87 теңге.

Мекеменің баспасөз қызметінде хабарлағандай, Қазақстан 2011 жылдың 1 тамызда құрамына Қазақстан, Ресей мен Беларус кіретін Кедендік одақ мүше-елдері арасындағы кедендік кедергілер жойылғаннан кейін де ЖЖМ-ның бөлшектік бағасын қадағалау тәжірибесін жалғастыратын болады.

Дәл осы кезде әлемде мұнай бағасы қайта өсе бастады. Сейсенбіде инвесторлар Еуроодақ Грецияға қаржылық көмекті мақұлдауын күтуі шеңберінде әлем нарығындағы баға өсе бастады. Грецияға кредит беру  мәселесі маусымның соңына қарай шешілуі тиіс, деп хабарлайды РБК.   

Портал хабарлағандай, Brent мұнайының бағасы Лондонда сейсенбідегі сауда қорытындысы бойынша 2,05 долларға көтеріліп, барреліне 116,73 долларды құрады.  Нью-Йорктегі WTI мұнайының бағасы сауда қорытындысы бойынша 2,11 долларға көтеріліп, барреліне 102,70 долларды құрады.   

Инвесторлардың көңіл-күйіне сондай-ақ Еуротоптар басшысы Жан-Клод Юнкердің келесі айдың соңында еуропа көшбасшылары Грецияға қаржылық көмектің жаңа пакетін беру жөнінде шешім қабылдайтыны туралы жасаған мәлімдемесі де ықпал етеді. 

 

 

 

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 19

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .