185320 Дәрігерлер олардың жағдайылары тым нашар дейді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Аштық жариялаған жұмысшылардың екеуі ауруханаға түсті

Маңғыстау облысы Құрық ауылындағы "Ерсай" компаниясының аштық жариялаған жұмысшыларының екеуі ауруханаға түсті. Бір аптадан бері нәр татпаған олар ем қабылдап жатыр. Оның біреуі әлі есін жия алмай жатқан көрінеді. Бірақ жұмысшылар жанайқайына құлақ асып жатқан ешкім жоқ. 

Аштық жариялаған жұмысшылардың екеуі ауруханаға түсті
фото с сайта Tengrinews.kz

"Жедел жәрдем" дер кезінде жетті. Бұл - 23 жас шамасындағы жігіт. Ашынып, аштық жариялағандардың бірі. 6 күннен бері нәр татпапты. Енді аяққа тұра алар емес. Дәрігерлер көзі қарауытып, басы айналған жұмысшыны жедел көлікке салды. Жағдайы тым нашар.

Ауруханаға шұғыл жеткізбесе, болмайды. Осы кезде тағы бір жұмысшы ес жия алмай құлады. Көлік жарты жолда тұрып қалды. Бірақ, әйтеуір, 2 науқас ауруханаға жеткізілді. Жұмысшылар мұнымен аштық жариялауды доғарған жоқ. Бүгін нәр татпай жүрген 18 адамның қатарына тағы екі адам қосылды. 

 "Ерсай" компаниясының жұмысшысы

"Жұмысшылардың наразылық акциясын ауыл халқы да қолдады. Әйелдер күре жолды бөгеп, мәселеге назар аудартпақ болды. Бірақ бұдан да түк шығар емес".

20-40 мың теңге аралығында жалақы алып келген 700-дей жұмысшы наразылық шарасын осыдан 16 күн бұрын бастаған еді. Қазақстан-Италия бірлескен компаниясы басшыларына қойылған талап біреу. Жергілікті жұмысшылар құқықтарын аяқ асты етпей, жалақыларын 130 мың алатын шетелдік әріптестерімен теңестіргенін қалайды. Бірақ компания үнсіз.

Жергілікті билік те бұған араласа алмай отыр. Еңбек құқы бұзылған 700 жұмысшының жанайқайына жаны ашып жатқан әзірге ешкім табылмай тұр.  

 

 

Источник: 7 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 12

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .