Финансы
184591 Қазақстанда АИ-93 бензинінің шекті бағасы 99 теңгені құрайды. Бұл жөні... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Мұнай және газ министрі жанармай бағасын 99 теңгеден асырмайды

Қазақстанда АИ-93 бензинінің шекті бағасы 99 теңгені құрайды. Бұл жөнінде журналистерге берген сұхбатында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Мұнай және газ министрі жанармай бағасын 99 теңгеден асырмайды
Фото: vesti.ru

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда АИ-92 және АИ-93 бензиндерінің бағасына қатысты түрлі сұрақтар туындауда.

"Бұл бензинді (АИ-92 және АИ-93) біздер жүз пайыз өзімізде өндірмейміз. Біз оны импорттаймыз. Қазір АИ-92 және АИ-93 бензиндері бағасының айырмашылығы бір-бірінен алшақтап кетті.

Егер ол бізде 99 теңге көлемінде болса, Ресей Федерациясында оның құны 125 теңге төңірегінде. Шамамен 25 пайызға тең бұл айырмашылық бізден бензиннің шығуына және ресейден бензиннің келмеуіне мүмкіндіктер туғызуда", - деді С. Мыңбаев.

Сонымен қатар ол жақын арада АИ-92 және АИ-93 бензиндеріне қатысты баға саясаты қызу талқыға түсетінін тілге тиек етті.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 20

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .