Финансы
184282 Тұрғындар Назарбаевқа арыздануды көздеп отыр ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қытайға тартылатын трассаға қатысты тағы жанжал шықты

Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық тасжолының құрылысы Түркістан қаласы маңындағы Бірлік ауылының берекесін қашырды.

Қытайға тартылатын трассаға қатысты тағы жанжал шықты
фото с сайта stan.tv

Ауылды айнала өткен жол кәсіпкер Бауыржан Әубәкіровты шығынға батырды. Үш жылдан бері әбден аузы күйген азамат үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен, Дүниежүзілік Банктің инспекциялық кеңесіне шағымданған. Әубәкіров бұл әрекетінен нәтиже шықпаса Нұрсұлтан Назарбаевқа арыздануды көздеп отыр.

Кәсіпкердің айтуынша, заңды жер алып, сауда кешенін соғып біткеннен кейін, оған құжат берген әкімшілік, айнып шыға келген. Шенеуніктердің ғимарат құрылысын заңдастырмай қойғанына қарамастан, сот кәсіпкерді қолдап, меншік құқын таныған.

Соған қарамастан, билік оған өтемақы төлеуден бас тартты. Жеке кәсіпкердің қазір қаңырап бос тұрған өндірістік кәсіпорны да жермен жексен болуы тиіс.

Құрылысын бітіріп қыруар қаражат жұмсаған кәсіпкерді, осы жобаның мониторингтік тобының басшылары қолдаған. Олар халықаралық дәліз талай адамды тақырға отырғызып, талай отбасының шырқын бұзғанын айтады.

Ғасыр жобасы атанған Батыс Еуропа – Батыс Кытай халықаралық дәлізінің құрылысы жоспар бойынша үш жылда толық аяқталуы тиіс. Әзірге жер дауынан көз ашпай келетін жол жобасы алға жылжыр емес.

Басты себеп - тасжолдың үстінен түскен жер телімдері мен жеке үйлерді бағалау жұмыстары әлі күнге бітпеген.

Жұмысты жолға қою үшін 900-ге жуық жер телімін сатып алу керек. Оның үштен бір бөлігі әлі есепке алынбаған. Арасында таратылуына тыйым салынғанына қарамастан, жергілікті биліктің жеке қолға өткізіп жібергендері де жетерлік.

Жырға айналған жол жобасына жандары ашыған халық қалаулылары құрылыс басына барып, өз көздерімен көруді енді ғана ойластырып жатыр.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .