183969 Қытай мұнай-газ саласында үлкен рөл атқаратынын мойындады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Билік Қытай экспансиясына қатысты сұраққа енді жауап берді

Қытай компанияларының Қазақстанда өндіретін мұнайының көлемі жыл сайын азаяды. Бүгін "Қазмұнайгаз" ұлттық операторының өкілдері Алматыдағы жиында осылай мәлімдеді. Айтуларынша, Қазақстан алдағы уақытта өндірілетін мұнайдың денін өзі өндірмекші. 

Билік Қытай экспансиясына қатысты сұраққа енді жауап берді
Фото с сайта НК "КазМунайГаз"

Дегенмен отырыс барысында "Қазмұнайгаз" өкілдері Қытай қазірдің өзінде Қазақстанның мұнай-газ саласында үлкен рөл атқаратынын мойындады. Қытайдың мұнай импортының 11 пайызын Қазақстан беріп отыр. Бүгінде "Қазмұнайгаздың" үлесі бар бес компанияда қытайлар енші алған. "Маңғыстаумұнайгаздың" 50 пайызы, "ПетроҚазақстан ҚұмкөлРесорсиз" 67 пайызы, "ҚазГерМұнай" мен "ТорғайПетролеумның" 30 пайыздан астамы аспан асты елінің компанияларына тиесілі.

Ал "АқтөбеМұнайГаз" түгелдей өтіп кеткен. Ресми Бейжің бұл үлестерінен бас тартпайды. Дегенмен ұлттық оператор мамандары нарықтық қатынастарды саясиландырудың қажеті жоқ дейді. Экономист Жанұзақ Әкім "Қазмұнайгаздың" арифметикасын қоғам пікірін басқа арнаға аудару деп санайды.

Бұл салаға дендеп енген Қытай енді қусаң да шықпайды дейді. Экономистің пікірінше көрші ел компаниялары қазақ мұнайын қазір де Қытайға су тегінге сатып отыр.  

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 24

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .