Финансы
183140 Елімізде жанар май бағасы қатаң қадағаланады. Жанар- жағармай бағасы ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Бензиннің бағасы бақылауға алынады

Елімізде жанар май бағасы қатаң қадағаланады. Бензиннің бағасы бақылауға алынады

Жанар- жағармай бағасы қатаң қадағалансын! Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Мұнай және газ минисрі Сауат Мыңбаевқа осындай пәрмен берді.  Үкімет басшысының тапсырмасын твиттердегі жазбасынан оқуға болады.

Ғаламторға бейсенбі күні бас сұққан Премьер-Министр  Сауат Мыңбаевқа бензиннің бағасын өз бақылауында ұстауды міндеттеген. Ақпарат құралдары кешелі-бері жанар- жағармай құнының қымбаттап бара жатқаны туралы жарыса жазып жатыр.

Яғни, Кәрім Мәсімовтің бұлайша алаңдауына негіз де жоқ емес. Сарапшылар елдегі құбылмалы бағаны Ресейдегі жанармай тапшылығымен тығыз байланыстырады. 

Бұл уақытта көрші елде май тапшылығы дендеп барады. Ресейдің мұнай компаниялары ішкі нарығын қанағаттандыру үшін мамырда уақытша жанар май экспортынан бас тартпақшы. Жаңалықты осы елдің Энергетика министрлігіндегілер хабарлады.

Қазір бекеттерде кезек ұзарып, кей жерде бензинге шектеу қойылған. Ал кей қалада қоғамдық көлік мүлде тоқтайды деген болжам бар. Ресейдің Бас прокуратурасы мен монополияға қарсы қызмет осыған байланысты тергеуді бастады.

Ондағылар баға қолдан көтерілуі мүмкін дейді. Мұнай компанияларына қарсы іс те қозғалды. Энергетика министрлігінің мамандары жағдайды тездетіп қалпына келтіруге уәде береді. Десе де көлік иелері жанар- жағар майды көптеп алып қойып жатыр.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 7

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .