Финансы
182974 Кеден одағының іске қосылуы қазақстандық тауарлардың Ресей нарығына шы... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Кеден одағының арқасында қазақстандық тауарлар Ресей нарығына шықты

Кеден одағының іске қосылуы қазақстандық тауарлардың Ресей нарығына шығуына жағдай жасады. Кеден одағының арқасында қазақстандық тауарлар Ресей нарығына шықты

Бұл туралы кеше Мәскеуде өткен "Қазақстанның инвестициялық ахуалы" атты конференция барысында журналистермен сұхбаттасқан Саратов облысы бойынша РФ-дағы ҚР-ның сауда өкілдігінің уәкілі Руслан Бисенғалиев мәлім етті.

"2010 жылы біз Ресейде "Қазақстанның сауда үйі" компаниясын тіркедік, оның міндеті Саратов ауданының базарына Қазақстанның экспортқа бағытталған өнімдерін жеткізу еді. Бүгінгі таңда осы облыста кондитерлік тағамдар, шай мен ұнды қоса алғандағы Қазақстан өнімі кең таралған", - деп атап өтті Р.Бисенғалиев.
 
Оның атап өткеніндей, Ресей тұтынушылары Қазақстан өнімінің жоғары сапамен дайындалатынын бағалайды. Сондықтан қазір Ресей Федерациясына Қазақстанда өндірілетін құрылыс материалдары, сондай-ақ тоқыма өнеркәсібі тауарларын жеткізу мәселелері қаралуда.
 
"Кеден одағының іске қосылуы қазақстандық тауарлардың РФ нарығына шығуына жағдай жасады. Бүгінгі күні отандық өнім ресей тұтынушылары арасында үлкен сұранысқа ие болып келеді", - деп түйіндеді сөзін Р.Бисенғалиев.

 

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 4

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .