182683 Өйткені биылғы егістік науқаны басталмай жатып, жанар-жағармай бағасы ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Алматы облысының фермерлері дағдарысқа ұшырауы мүмкін

Өйткені биылғы егістік науқаны басталмай жатып, жанар-жағармай бағасы екі есеге қымбаттаған.

Алматы облысының фермерлері дағдарысқа ұшырауы мүмкін
фото с сайта kandi.kz

Шаруалардың айтуынша, бұл шығындарды жабуға мемлекеттің бөлген субсидиясы да жетпейтін көрінеді. Оған қоса, бюджеттік көмекке барлық шаруалар бірдей қол жеткізе алмайды екен. Егін науқаны басталмай жатып, жанар-жағармай бағасының қымбаттағанын естіген шаруалардан бүгінде маза қашқан. Тіпті кейбірі, күзде көп табысқа көмілмесіне қазірдің өзін де іштей дайын күйде жүр. Мәселен, жас алма бағын қолға алған Владимир Савченкоға жергілікті билік кеңесі солярка бағасын жеңілдікпен беруге уәде етіпті. Бірақ былтыр табыссыз қалғандықтан, бағбан биыл оған ақшасының жоғын айтады.    Владимир САВЧЕНКО, БАҒБАН:"Өткен аптада маған солярка құнын 67 теңгеден алуға ұсыныс жасады. Бірақ оның құжаттын реттеп, жекізіп аламыз дегенше, бағысы 70-72 теңгеден айналуы мүмкін. Сонда оның несі жеңілдік. Еліміз мұнайдың астанда жатыр, бірақ бізге беретін көмектерінің түрі мынау."

Шынында да субсидия үшін жылда бөлінетін миллиондар қайда кетеді? Бұл Алматы облыстық Фермерлер қауымдастығы өкілдерін де алаңдататын басты сауал екен.

Шынында да субсидия үшін жылда бөлінетін миллиондар қайда кетеді? Бұл Алматы облыстық Фермерлер қауымдастығы өкілдерін де алаңдататын басты сауал екен. Сондықтан бас маман, "мемлкеттік көмек әр шаруақожалығына жеке-жеке көрсетілсін" деген ұсыныс білдіруде. "Сонда ғана бөлінген қаржы жарты жолда жоғалып кетпес", - дейді ол.        Александр КОНУНЕНКО, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ШАРУАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:"Субсидия ретінде, мәселен былтыр бидай егіні үшін 100 пайыз деп бөлінген қаржының тек 20-сы ғана қолымызға тиді. "Неге деген?" сұрағымызға, "жаңа заң талабы солай" деген жауап алдық. Ал қолыңызға алған жағдайдың өзінде қырауар құжат жинаудан мезі боласыз. Сөйтіп жүргенде, күз келеді." 

"Субсидия ретінде, мәселен былтыр бидай егіні үшін 100 пайыз деп бөлінген қаржының тек 20-сы ғана қолымызға тиді. "Неге деген?" сұрағымызға, "жаңа заң талабы солай" деген жауап алдық.

Ал Облыстық ауылшаруашылық департаментінің мамандары, диқандардың бұлай алаңдауы негізсіз дейді. Биылдыққан көмекке берілетін қаржы да, жанар-жағармай жағыда жеткілікті. Сейіткәрім ҚАЛТАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:"Биыл үкімет жанар-жағармай үлесі үшін 67 теңгеден қосымша 23 мың тонна бөлді. Ал бұл баға нарықта 72 теңгеден сатылуда. Ал жеңілдетілген бағамен Ұзынағаш, Алматы, Сарыөзек, Талдықроған және Бескөл сынды 5 бекетте сатылып жатыр."Ресми мәліметтерге қарағанда, бір Алматы облысының өзінде ірілі-кішілі 50 мыңға жуық жеке шаруақожалықтары бар. Алайда олардың нақты қаншаса жұмыс істейді, ал қаншасы банкрот алдында тұрғына белгісіз. Дегенмен, жалпы биылғы егін жұмыстары үшін мемлекет 1 миллиард, 200 миллион теңге субсидия бөліп отыр. Ал оның дәл қанша соммасы шаруалар қолына жетеді, оны күзгі науқан көрсетпек.

Источник: 31 канал
В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .