Финансы
182236 Бес мың доллар тұратын сиырлар ойдағыдай өнім бермей жүр ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Шет ел мамандары біздің сиыршыларды сиыр бағуға үйретпек

Әрқайсысы 5 мың доллар тұратын шетелдің мыңдаған сиыры Қазақстанда ойдағыдай өнім бере алмай отыр.

Шет ел мамандары біздің сиыршыларды сиыр бағуға үйретпек
фото с сайта fermer02.ru

Себебі, отандық мамандар олардың бабын таба алмаған көрінеді. Бұл туралы бүгін ет және сүт шаруашылығын дамытуға арналған халықаралық конференцияда мәлім болды. Сондықтан амалы таусылған мамандар шетелдіктерден кеңес алуға мәжбүр. Дәл қазір Астанада екі күндік конференция ұйымдастырылып, оған Германия, Канада, Франция, АҚШ секілді бірнеше елдің тісқаққан шаруалары келіп, тәжірбиелерімен бөлісуде.

Оның ішінде малды бағалау мен азықтандыру, генетикалық әлеуетін арттыру секілді проблемалар талқыланбақ. Ал елдегі малды асылдандырамыз деп, аттан салған отандық мамандар өз кемшіліктерін мойындай бастаған секілді.Айбын Төреханов - "Асыл түлік" АҚ төрағасы:"Көп дүниені қамтимыз деп, ертең ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмауымыз мүмкін. Өйткені, мамандарды да ескеру керек. Мысалы, осындай үлкен істерді бастадық. Маман тапшылығы бір үлкен проблема. Ал, мамандарды даярлау одан да үлкен мәселе".Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан АҚШ-тан мың жарымға жуық асыл тұқымды сиыр сатып алған болатын. Оның 1327-і сиыр, ал қалғаны бұқа. Герефорд және Ангус тұқымды бұл ірі қаралар Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданындағы қазақ-американ бірлескен кәсіпорынына және Солтүстік өңірлерге жіберілді.  

Источник: 7 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 8

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .