Финансы
180551 Еліміздің электр нысандарын жаңалау жұмыстарына 3 триллион теңге қажет... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Еліміздің электр нысандарын жаңалау жұмыстарына 3 трлн теңге қажет

Еліміздің электр нысандарын жаңалау жұмыстарына 3 триллион теңге қажет.

Еліміздің электр нысандарын жаңалау жұмыстарына 3 трлн теңге қажет
фото: Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ

Бұл туралы Қазақстан энергетиктері қауымдастығының төрағасы Шәймерден Оразалинов мәлімдеді.

Оның 1,5 триллионы – жоғары қуатпен жұмыс істеу үшін қолда бар электр стансыларға жаңалау жұмыстарын жүргізуге, 963 миллиарды – аймақтық электр желілері компанияларын оңалтуға, ал қалған 200 миллиарды – KEGOC-қа қарасты ұлттық электр желілерін дамытуға бағытталады.

Шәймерден Оразалиновтың айтуынша, бұл көлемді қаржы 2010-2014 жылдардағы энергетика сала­сын дамыту туралы бағдарламасында қа­рас­тырылған шаралар негізінде есеп­телген.

"Бүгіндері стансының 13 тобына арналып тарифтер белгіленді. Бұл кәсіп­орындардың өз инвестициялық бағдар­ламасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр. 2011 жылы модернизация жұмысы үшін 300 миллиард теңгеден ас­там қаржы салынатын бұл стансылар бүгіннің өзінде инвестициялық жағынан тар­тымды көрінуде", – дейді ол.

2011 жылы модернизация жұмысы үшін 300 миллиард теңгеден ас­там қаржы салынатын бұл стансылар бүгіннің өзінде инвестициялық жағынан тар­тымды көрінуде

Егер аталған бағдарламаның өзіне ке­лер болсақ, ол алдағы шілде айында қабыл­данып қалуы керек деп күтіліп отыр.

Жалпы, саланы жаңғырту үшін қолға алынбақшы көлемді қыруар істер жайына тоқталған "KEGOC" АҚ президенті Алма­садам Сатқалиев, "Ел экономи­касының дамуы – 2020" стратегиялық – бағдарла­ма­­сы шеңберінде 2014 жылға дейінгі энер­гети­калық саланы дамытудың мем­лекеттік бағдарламасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бас­шылығы­мен арнайы жұмысшы топпен әзірленгенін айтады.

Аталған бағдарлама шеңберінде көлемді желі құрылысы жүргізілмекші, соның нәтижесінде жоғары қуатты стансы­лар да іске қосылады

"Аталған бағдарлама шеңберінде көлемді желі құрылысы жүргізілмекші, соның нәтижесінде жоғары қуатты стансы­лар да іске қосылады", – дейді А.Сатқа­лиев. Оның айтуынша, осы бағдарлама шең­берінде электр стансыларының көлем­ді құрылысы жоспарланып отыр.

Олар – Балқаш ЖЭС, Екібастұз СРЭС-2-нің үшінші блогын тұрғызу, Екібастұз СРЭС-1-дің екі блогын қалыпқа келтіру және Ақтауда атом стансысын салу.

"Бағдарлама 2014 жылға дейін қарастырылған. Яғни ол еліміздің басты стратегиясы – Үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық даму бағдарламасы аясында қосымша жүзеге асырылады. Бұл арада энергия қуатын арттыруда ол өндірістік қуаттан жоғары болу керектігі мақсат етіліп отыр. Сол себепті бұл бағытта нақты жоба мен нақты инвестициялар қаралуда", – дейді ол.Сонымен қатар "KEGOC" АҚ президенті, ұлттық электр желілері құрылысына 2025 жылға дейін 630 миллиард теңге инвестициялау жоспарланып отырғанды­ғын айтты. Қаржы, негізінен, ұлттық электр желілерін жаңалауға, оңтүстік аймақты электр энергиясымен қамтамасыз етуді жақсартуға ықпал етуі тиіс "Алма" шағын стансысының құрылысына, Мойнақ СЭС-ті ұлттық электр желілеріне қосуға, Балқаш ЖЭС-нің қуатын арттыру мақсатында салынуы тиіс желілерге жұмсалмақшы.Міне, мұның бәрі елімізде шығыны 20 пайызды қамтитын энергетика саласы қыз­метінің сапасын арттыруға, қуатты үнемдеп жұмсауға, тұтынушылардың әлеу­меттік жағдайын жақсартуға бағыттал­ған ша­ралар болып табылады.

Салалық бағдарлама қабылданып, оған көлемді қаржы бөлу қарастырылып жатқандықтан, осы бағытта атқарылатын ауқымды жұмыстардың нәтижелі болуы үшін қадағалауды қатайту қажет деген мағынада қоғамда пікірлердің айтылып жүргеніне біраз уақыт болды. Сондай ұсыныстың бірі – Энергетика министрлігін құру.

Қазақстанда энергетика бойынша жеке-дара министрлік құратын уақыт жетті

"Меніңше, Қазақстанда энергетика бойынша жеке-дара министрлік құратын уақыт жетті. Оған ұзақ уақыт бойы Энер­гетика және минералды ресурстардың бір шаңырақ астында отыруда тиімсіздік таныт­қандығы айғақ бола алады. Сондық­тан бүгіндері энергетика саласын басқа­ратын жеке орган ашу қажеттілігі туындап отырғандығын ешкім жоққа шығара қоймас", – дейді Қазақстан энергетиктері қауым­дастығының төрағасы Шәймерден Оразалинов.

Оның айтуынша, энергетика – стратегиялық сала, сол себепті оған арнайы толыққанды министрлік керек, одан төмен мәртебеге бұл сала лайық та емес.

 

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .