Финансы
180336 Мәжіліс депутаттары үш келісімді мақұлдап, Сенатқа аттандырды ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Жанармай бағасының шегі белгіленеді

Мәжілістің сәрсенбілік отырысында депутаттар үш келісімді мақұлдап, Сенатқа аттандырды. Мұның екеуі Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі мұнай мен газ мәселесін қамтыса, соңғысы – қылмыстық әрекеттен түсетін табыстарды заңдастырудың жолын кесетін конвенция.

Жанармай бағасының шегі белгіленеді
фото Мансұр ХАМИТ

Былтырғы желтоқсанда Қазақстан, Беларусь және Ресей арасында мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы келісім жасалған болатын.

Келісім Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыруға бағытталған негізгі қағидаттарын айқындайды һәм осы нарықтағы бәсекелестікті дамытуды көздейді.

Құжаттың негізгі бағытымен таныстырған мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев үшжақты келісімнің ішкі нарыққа келтірер пайдасын да әңгімеледі.

"Заң жобасы тараптардың өзара саудасында сандық шектеулерді және кедендік әкету баждарын қолданбауға, БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін басымдықпен қана­ғат­тандыруға мүмкіндіктер ашады. Үш мемлекеттің шаруашылық жүргізу субъектілері үшін мұнай өнімдерін та­сымал­дауға арналған тарифтер тараптар үшін тең деңгейде болады", – дейді мұнай мен газ саласының басшысы.

Үш мемлекеттің шаруашылық жүргізу субъектілері үшін мұнай өнімдерін та­сымал­дауға арналған тарифтер тараптар үшін тең деңгейде болады

Оның сөзіне қарағанда, осы келісім бойынша, тараптардың құзыретті органдары әрбір жылдың 1 қазанына дейін мұнай мен мұнай өнімдерін өндірудің, тұтынудың, жеткізудің, импорттау мен экспорттаудың келесі жылға арналған индикативтік теңгерімдерін келісіп отырады екен. Сосын БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің мұнай өнімдеріне арналған нормалары мен стандарттарын бірізділендіру шарасы қамтылады. "Тұтастай алғанда, келісім БЭК-тің мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруға мүмкіндік береді", – деді С.Мыңбаев. Мұнай өнім­дерінің ортақ нарығын қалыптастыруға қатысты құжатты мақұлдамас бұрын мәжілісмендер ішкі нарықтағы жағдайға біраз үңілді.

"Келісімді қабылдасақ, Қазақстаннан шығатын мұнайға экспорттық баж Ресейдің деңгейімен теңеле ме? Өйткені мұның айырмасы арандай. Сосын Тәуелсіздігімізді енді ғана құрып жатқан тұста "Теңізшевройлмен" арада Қазақстан үшін аса тиімсіз келісімшарт қабылданған болатын, сол қайта қарала ма? Ал Пав­лодар мұнай өңдеу зауытына келісім қалай әсер етеді?" – деді алдымен сауал жасаған депутат Тито Сыздықов.

"Келісімде экспорттық бажды бірізділендіру қарал­мады. Өйткені біздегі салық салу жүйесі, оның ішінде көмірсутек секторында түрлі-түрлі. Әйтсе де экспорттық баж өнім өндіретіндерге салынатын жалғыз төлем түрі емес. Сондықтан жер қойнауын пайдаланушыларға түсетін салықтық ауыртпашылықтың барлығын жайып салсақ, біраз түсінетін боламыз", – де­ген мұнай және газ министрі баппен түсіндіруге кірісті.

Біз былай түсіндік: Ресейде мұнайға экспорттық баж тон­насына 300 долларды құрайды және салық деңгейімен салыстырсақ, ол 73 пайызға тең, ал Қазақстанда ол тоннасына 40 долларды құрағанымен де, жалпылама салықтық ауыртпашылық деңгейі де 72 пайызға жетеді. Мұның есебі: елімізде экс­порт­тық баждың баламасы бо­лып табылатын ренталық са­лық салынады.

Әйтсе де сауатты позиция ұстанатын болсақ, қол­даныстағы келісімшарт бойынша да ел мүддесіне үлесті арттыратын жолдар баршылық

Бұдан бөлек Ре­сей­де алынбайтын табыстан тыс са­лықтар да біздің еліміздегі мұ­най экспорттаушыларға салынады. "Ал "Те­ңізшевройлмен" Қарашығанақ, Қа­ша­ған келісімшартына сәйкес біз белгілі бір келіссөздерге барып жүрміз. Әйтсе де сауатты позиция ұстанатын болсақ, қол­даныстағы келісімшарт бойынша да ел мүддесіне үлесті арттыратын жолдар баршылық", – дейді Сауат Мұхаметбайұлы. Оның сөзіне қарағанда, Павлодар мұнай өңдеу зауытының мәселесі келіссөз үде­рі­сі­нің ең қиын тұсы болғанға ұқсайды. "Біз жыл сайын Ресейден 6,5 млн тонна мұнай аламыз.

Өзіміздің зауытта 80 млн тонна өнім шығарып, оның 73 млн тоннасын экс­портқа жолдаймыз. 7 млн тоннасы іш­кі нарықта қалады.

Соған әлгі Ресейден ке­летін 6,5 млн тоннаны қосайық, міне, бұл 13,5 млн тонна жанармай – біздің ішкі на­рықтың сұранысы", – деді ол. Сосын Ре­сейдің ұстанымына тоқталып, мұның да не­гізсіз емес екендігін дәлелдеуге кірісті. "Ре­сей экспорттық бажсыз бізге 6,5 млн тон­на мұнай береді. Осының тоннасын 300 долларға көбейтсеңіз, олар қыруар ақ­шадан қағылып жатыр. Ендеше, бұл – бізге жеңіл жолмен келген мұнай. Дәл Ресей беретін мұнайды техникалық себептердің салдарынан өзімізде өндіре алмаймыз. Тек 2014 жылға қарай оған қол жетеді", – деді ми­нистр.

Дәл Ресей беретін мұнайды техникалық себептердің салдарынан өзімізде өндіре алмаймыз

Келісімнің өрісі мен терісін тал­қы­лау барысында мәжілісмен Розақұл Хал­мұ­радов көктемгі-күзгі егіс науқандарында ішкі нарықта жанар-жағармайдың ша­рық­тайтын "ауруын" айтып, соның көр­ші елден жұғатынына назар аударып еді. Құжат шеңберінде нарықты ұстап тұ­рудың жолын сұраған болатын.

"Ауыл шаруашылығына егіс жұмысы үшін жа­нар-жағармай жеткізетін тетіктер бұ­рын бекітілген негізден ауытқымайды деп ойлаймын. Мұны қадағалайтын құ­зы­ретті органдарымыз бар. Ал жалпы ішкі нарықтағы жанармайдың бағасына келетін болсақ, кедендік кедергілер ысырылған соң, бірыңғай экономикалық кеңістікте олардың мөлшерін бірізділендіру шарт. Әйтсе де елдеріміз арасындағы салық заңнамасы әрқилы болып тұр", – деді С.Мыңбаев.

Министр жанармай бағасын уыста ұстауға қатысты Мәжілісте тағы бір заң жобасы қаралып жатқанын да тілге тиек етті. Сол жобада "жанармай ба­ғасының шекті деңгейі" деген жаңа ұғым енгізіледі екен. "Соны заңды не­гізде бекітіп, нарықтық тұрақтылыққа пай­далануға болады. Бұл жағынан бүгінгі келісім мүмкіндікті қамтиды", – деді мұнай мен газ басшысы. Естеріңізге сала кетейік, дәл осы тақылеттес келісім газ саласы бо­йынша да мақұлданды.

Ауыл шаруашылығына егіс жұмысы үшін жа­нар-жағармай жеткізетін тетіктер бұ­рын бекітілген негізден ауытқымайды деп ойлаймын

Төменгі палата мақұлдаған және бір конвенция қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды анықтау, алу мен тәркілеу бойынша халықаралық ынтымақтастыққа негізделеді. 1990 жылғы 8 қарашада Страс­­бургте қол қойылған конвенцияға 48-ден астам мемлекет қосылған. "Конвенция заңсыз табыстарды жылыстатуға қарсы күрес бойынша тиімді тетіктерді ұсынып, мұн­дай қылмыстарды анықтау мен алу, тәркілеу мақсатында халықаралық ынты­мақтастықты нығайтуды көздейді.

Қазақстанның конвенцияға қосылуы құқық қор­ғау органдарына тәркілеуге жататын мү­ліктерді анықтау мен алу барысында өз­дерінің мүмкіндіктерін кеңейте түсуге сеп­тігін тигізеді. Мұндай мүліктермен бо­латын кез келген операцияның алдын алуға жағдай жасауды қарастырады", – дейді Қаржы полициясы төрағасының орынбасары Андрей Лукин. Оның ай­туын­ша, құжат күдікті мәмілелер мен тө­лем­д­ерді бақылауға қосымша мүмкіндік бе­реді.

Осының өзі қаржы ағымдарының ашық­тығын қамтып, экономикалық қыл­мыс пен жемқорлыққа қарсы күрестің тиім­ділігін арттырады.

"Көлеңкелі эко­но­миканың" деңгейін төмендетуге де жәр­дем береді. Әдетте біздегі тәжірибе бо­йынша заң шығарушы орган алдымен осы тәрізді халықаралық келісімдерді, кон­венцияларды қабылдап, соңынан ұлт­тық заңнаманы соған сәйкестендіріп жа­татын. Бұл жолы да солай. "Алдағы уа­қытта ұлттық заңнамалардың жекелеген нор­малары өзгеріске ұшырауы мүмкін. Яғни қылмыс жолымен алынған табыстарды заңдастыруға қарсы шаралар күшейеді. Бұл жоспарда бар", – деді Қаржы по­лициясының өкілі.

 

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .