180247 Елімізде қой шаруашылығының келешегі мол ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қаракөл қойы тұқымын асылдандыру жұмысы ерекше көңіл бөлуді қажет етеді

Қаракөл қойы тұқымын асылдандыру жұмысы ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.

Қаракөл қойы тұқымын асылдандыру жұмысы ерекше көңіл бөлуді қажет етеді
Фото: А.Аджамов

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Қылышбай Бисенов Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында осылай мәлім етті.

"Қаракөл шаруашылығы - еліміздің шөл және шөлейітті аймақтарының экономикасында ерекше орын алатын Қазақстанның қой шаруашылығындағы келешегі мол саланың бірі. Оның басты өнімі эстетикалық жағынан құнды болып есептелетін қаракөл елтірісі, сондай-ақ қой еті, ірі талшықты жүн өндіру болып табылады", - дейді Қ. Бисенов.

Оның айтуынша, 1990 жылы елімізде қаракөл қойының саны 6,2 млн-ға жеткен. Отар құрылымындағы аналықтардың үлес салмағы 70 пайыз шамасын құрап, жыл сайын 2,5 млн дана қаракөл елтірісі өндіріліпті. Ал

2010 жылдың 1 қаңтарына қаракөл қойының саны төмендеп, 1,1 млн-ға түсіп кеткен.

Қызылорда облысы қой шаруашылығы саласында тек қана қаракөл қойларын өсірумен айналысатын республиканың негізгі аймақтарының бірі болып табылады. 1990 жылдардың басында қаракөл қойын өсірумен айналысатын 30 кеңшарда 1,2-2,3 млн. бас қаракөл қойы болды. Бұл республика бойынша 22,3 пайызды құрайтын.

Қазіргі кезде қаракөл қойларының саны 70 пайызға дейін кеміп кеткен

Қазіргі кезде қаракөл қойларының саны 70 пайызға дейін кеміп кеткен. Ал облыс көлеміндегі шөл және шөлейтті жайылымдар қаракөл шаруашылығын тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Қаракөл қойы тұқымынан басқа ауылшаруашылығы малдарының бірде-бір түрі Қазақстанның, сондай-ақ Қызылорда облысының шөл және шөлейтті аймағының қатаң жағдайларына жақсы бейімделмеген.

Ал бұл қой тұқымы ұзақ қашықтықта жайыла алады (тәулігіне 10-15 шақырымға), ішілген судың жоғары минералдануын және ауа температурасының күрт ауытқуын жақсы көтереді.

Оның үстіне қаракөл қойы тұқымы әлемдегі ертеден келе жатқан мал тұқымдарының бірі болып табылады.

Сондықтан, бұл қой тұқымын сақтау және оның басын көбейту шөлді-шөлейтті аймақтар үшін өте қажет.

Осыған орай, осы қой тұқымын асылдандыру жұмыстарына және оны көбейтудің мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажет.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .