Финансы
180090 Отандық өнім­де­р сұранысты то­лықтай өтей алмай отыр ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Былтыр елімізге 355 млн доллар сүт өнім­дері импортталған

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биылғы қаң­тардың 1-іне дейінгі дерек бойынша, елімізде шаруашылықтың түрлі сана­тындағы сиыр саны 2 миллион 778,8 мыңға жет­кен.

Былтыр елімізге 355 млн доллар сүт өнім­дері импортталған
фото с сайта agropressa.ru

Бір жыл бұрынғы мәліметпен салыстырғанда 2,3 пайызға артқан. Бұлар­дан 2010 жылы сауылған сүт те 1,4 пайызға артық шығып, 5 миллион 341,2 тонна болған. Сонда, орта есеппен алғанда, бір сиыр жылына 2 тонна 250 келі сүт берген. Ал осы сауылған сүттің тек 30 пайыздан ас­та­мы ғана өндірістік өң­деуге пайдаланылған. Міне, сүт өндіруде 2010 жылы белгілі бір жетістіктерге жеткенімізбен, кемшін қалып жатқан тұстарымыз да баршылық екен. Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лі­гінде осы және басқа да проблемаларға қатысты конференция өтті. Кон­фе­рен­ция­ның тақырыбы – "Кеден одағына кіргеннен кейінгі Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының сүт саласындағы жағдайы мен проб­­ле­малары".

Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бастап сүт са­ласында жүрген өкілдер мен сүт өнім­дерін өндіретін компаниялардың же­тек­шілері қатысқан конференцияда біраз мәселенің басы шалынды. Кон­ф­е­рен­цияға қатысушылар сүт сала­сын да­мы­тудың маңызды мәсе­ле­лері бойынша пі­кір алмасты. Атап айт­сақ, отандық сүт өнім­деріміздің сапасын жақ­­сарту, бәсе­ке­ге қабілеттілігін арттыру, имиджін көтеру мәселелері сөз болды. Соның ішінде өнімдеріміздің бәсекеге қа­білеттілігін арттыруға бағытталған кәсіп­орындардың проблемаларын шешу жолдары да қарас­тырылды.

Ішкі нарықтағы импорт үлесін төмендету де айтылды.

Бүгінде республикамызда өндірілетін бар­лық азық-түлік өнімінің 20 пайызы – сүт саласының үлесінде. Ауыл ша­руа­шы­лығы министрі Ақылбек Күріш­баев­ атап көрсеткендей, Қазақстандағы 43 әлеу­меттік маңызы бар өнімнің 11 пайы­зын сүт өнімдері алады.

Қазақстандағы 43 әлеу­меттік маңызы бар өнімнің 11 пайы­зын сүт өнімдері алады

"Адам ба­сына шаққанда сүт өнімдерін пай­да­лану көлемі де жыл сайын артып келеді. Қазақ­станда және бүкіл әлемде сүт өнімдеріне де­ген сұ­раныс ұлғаюда. Тағы бір мәселе, жыл сайын елімізде сауы­ла­тын сүт көлемі арт­­қанымен, өндірістік өң­деуге тек 30 пайызы ғана пай­да­ланылады. Мұның өзін­дік себептері де бар. Оны бүгінгі кон­фе­рен­цияда сіз­дер­мен талқылайтын боламыз", – деді Ақыл­бек Күрішбаев өз сөзінде. Қайта өңдеу өнеркәсібі және аг­рар­лық азық-түлік нарығын дамыту депар­та­менті директорының міндетін ат­қа­ру­шы Рүстем Құрмановтың айтуынша, 2010 жылы әрбір қазақстандық 300 келі сүт пен сүт өнімдерін пайдаланған. Алай­да бұл сұранысты отандық өнім­де­рі­міз толықтай өтей алмай отыр. Оның негізгі себептерінің бірі – сүт шикізатының күзгі және қысқы мезгілдерде жетіспеуі. Яғни сиыр суалған кезде еліміздегі сүт өндірісінің де тасы өрге домалаудан қалатын көрінеді. Отан­дық ком­па­ния­ларымыздың көбі бұл кезде Ресейден және Белоруссиядан келе­тін құрғақ сүтті езіп, сұйық сүт қылады. Бұдан шығатын қо­рытынды – отандық өндіріс әлі де болсын импортқа тәуелді деген сөз. "Сүт фермаларында және фер­мерлік ша­руа­шы­лықтарда өндірілетін сүт­тің үлесі, шынын айтқанда, өспей жатыр. Жеке қоралардан жиналатын сүттің үлесі әлі сол күйінде келеді, яғни сүттің 90 пайы­зына жуығы жеке шаруа­шы­лық­тар­дан жи­на­лады", – дейді "Қазақстан сүт ода­ғы­ның" атқарушы директоры Владимир Кожев­ников. Импорт демекші, былтыр Қазақ­стан­ға 355 миллион доллар сомасында сүт өнім­дері импортталған. "Бұл рес­пуб­ли­камызға импортталған тамақ өнімдерінің 15 пайы­зы болады", – дейді Рүстем Құр­ма­нов. Оның айтуынша, сүт өнімдері не­гі­зінен Беларусь, Ресей, Украина және Қырғызстан елдерінен жеткізіледі. Тағы бір мәселе, өзіміздің сүт өнім­де­ріміз Кедендік одаққа кіргелі бері біршама қиын­дық көруде. Министр­дің ай­туын­ша, Кедендік одаққа мүше елдердің өнім­дері бағасы және сапасы жағынан біздің өнімдердің еңсесін басып тұр. "Отандық өндірушілер кейбір сүт өнімдерінің сапасы мен бағасы жа­ғы­нан көршілес мем­ле­кет­тер, соның ішін­де Кедендік одақ елдері та­рапынан қы­сымға ұшырауда. Осы мә­селеге кел­ген­­де, бүгінгі конференция сөз­сіз өзек­ті болып отыр", – деді министр.2010 жылы әрбір қазақ­стан­дық 300 келі сүт пен сүт өнім­дерін пайдаланған. Алайда бұл сұранысты отандық өнім­де­рі­міз то­лықтай өтей алмай отыр. Оның негізгі себептерінің бірі – сүт ши­кізатының күзгі және қысқы мез­гілдерде жетіспеуі.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .