179753 Вице-министр Тұрғанов баса айтты ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанда 2020 жылы жалпы энергия өндірісің 5% атом саласының үлесіне тиеді

Алдағы 2020 жылға қарай жалпы энергия өндірісі көлемінің 5 пайызы атом саласының үлесіне тиеді.

Қазақстанда 2020 жылы жалпы энергия өндірісің 5% атом саласының үлесіне тиеді
фото с сайта trend.az

Бұл жөнінде өткен аптада индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов баса айтты.Бұл ретте Дүйсенбай Тұрғанов мырза:

"2020 жылдарға қарай бәрін қосқанда 24 мың МВт шамасын жоспарлап отырмыз. 300 МВттан екі блок болса, бұл 600 МВт болады. Бұл — әрине, айтарлықтай үлкен көрсеткіш емес, бар болғаны 5 пайыз ғана. Әйтсе де 2030 жылдарға қарай атом саласының үлесін 20 пайыздық деңгейге жеткіземіз" , – деді.

Сондай-ақ ол 2020 жылдарға қарай Қазақстанда атом электр стансасы құрылатынын, болашақта елде осы саладағы өнеркәсіп үлесін арттыруға барынша күш салынатынын қоса нықтады.

Сол-ақ екен, бірқатар мамандар "Қазақстанда атом энергетикасын және өнеркәсібін дамыту мақсатында арнайы агенттіктер құру керек" дегенді алға тартты.

Тіптен қайсыбір ғалымдар бұған қатысты "атом энергетикасы саласын тереңдетіп зерттеп, сараптай түсу үшін агенттік тәрізді өкілетті органдар бізге қажет" десті. Міне, қоғамда түзілген осы пікірлерге қарай, біз "атом өнеркәсібіне және энергетикасына қатысты агенттіктер құру заман қажеттілігі ме, мұндай жаңашылдық бізге қажет пе" деген сауалды арнайы мамандардың талқысына салдық...

Насурлла БӨРТЕБАЕВ, Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институты ғылыми істер жөніндегі директорының орынбасары:

Иә, бұл қазіргі заманның қажетті­лі­гі, бізге керек дүние

- Бұл қазіргі заманның қажетті­лі­гі, бізге керек дүние. Өз басым атом энер­гетикасын және атом өнеркәсібін дамытуға қатысты арнайы агенттік құ­рылуы керек деп есептеймін. Мұны қолдаймын. Болашақта уран өндірісі, ядролық отын өндіру барысы, жалпы осы саланы дамытуға ықпал ететін ресурс көздері арта түссін десек, мұндай агенттіктер елде құрылғаны абзал.

Өзіңіз білесіз, Жапонияда болған жағдайдан кейін мұндай агенттіктер АЭС салуға пейіл танытып отырған мемлекеттер­дің барлығында болуы керектігі белгілі болды. Себебі қазір Жапонияда қалып­тасқан жағдайға байланысты көп­теген түсініспеушілік орын алуда.

Бола­шақта біз қаласақ та, қаламасақ та, валю­таның негізгі көзі энергия болады.

Осындай сәтте әлем елдері атом энер­ге­ти­касының әлеуетіне жүгіне бастайды. Сондықтан осындай заман туғанда біз де мар­ғаулық танытпай, көшке ілесе білуге тиіспіз. Қазірде еліміздің саяси экологтары Қазақстанда АЭС-ын салуға барынша қарсы пікірлер айтуда. Біле-білсеңіз, біз елде АЭС салу жұмысын, осы саланы жандандыру ісін қазірден бастап қолға алмасақ, кейін қолымызды кеш сер­ме­ген­дер­дің қатарынан табылуымыз мүмкін. Біз бұл саладағы болып жатқан жаңалықтарды, ғылыми ізденістерді, әлемдік бағыт-бағ­дар­ды үнемі сүзгіден өткізіп отыруға тиіс­піз. Елде осы саланы дамытуға ресурс көз­де­рі жеткілікті болғандықтан, Үкі­метіміз АЭС салуды жоспарлап отыр. Сондықтан болашақта атом энер­ге­ти­ка саласын түбегейлі зерттейтін, осы салаға арнайы бақылау жүргізе алатын, жауапкершілікті өзіне арта білетін арнайы агенттіктер құ­рылғаны жөн. Негізінен, атом энер­гетикасы жөніндегі халықаралық ұйы­мының (МАГАТЭ) талабына жүгінсек, атом "энер­гетикасын дамытамын" деген елде мұндай агенттіктер болуы керек. Бұл – ха­лық­аралық ұйымның заңдылығы. Сон­дық­тан заңдылыққа сәйкес, агенттік бізге керек. Мұны қолдаған жөн.

Хакім СУЕРБАЕВ, химия ғылымының докторы, профессор:

Жоқ, осы саланы дамытуға қатысты ресурс көздері, аумақтық ерекшелік, климаттық ерекше­лік жағдайы ескерілуі керек

– Өз басым мұны қолдамаймын. Атом энергетикасын және атом өнер­кәсібін дамы­тудың бірден-бір жолы агенттік құру­да ғана емес. Меніңше, Қазақстанда отырып алып, өзімізді Жапониямен салыс­тырудың еш реті жоқ. Бұл жерде осы саланы дамытуға қатысты ресурс көздері, аумақтық ерекшелік, климаттық ерекше­лік жағдайы ескерілуі керек. Нақ қазір Қазақстанда атом энергетикасын дамыту үшін агенттік құрудың қажеттігі жоқ. Бұл саланы дамытудың бұлтартпас алғышарттары мынадай:- Қазақстанда әлемдік барланған уран қорының 19 пайызы шоғырлан­ған, мі­не, біз алғашқы кезекте осы уран қорын ұқ­сатудың тетігін тапқанымыз абзал; - Қазақстанда жылдам нейтрондағы БН-350 тәжірибелік-өнеркәсіптік реак­то­ры­ның ширек ғасыр бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз еткен білікті қыз­мет­кер­лер баршылық, алдымен осы ма­ман­дардың біліктілігін арттыруға жағдай жа­салынуы керек; - Республикамыз үш зерттеу ядролық реакторын пайдалануды жемісті жал­ғастырып келеді, болашақта да ғылыми тұрғыда осы істер зерттелуі тиіс; - Ядролық энергетика мен ядролық физика саласында, соның ішінде атом энергетикасының қауіпсіздігін негіздеу, ядролық реакторлар үшін перспективалық отындарды сынақтан өткізу, ядролық техниканың жобаларын жасау бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін қажетті инфрақұрылымдар құрылуы керек. Міне, агенттіктен бұрын алдымен осы шараларды қарастырғанымыз жөн. Бұлай етпесек, құр науқаншылдыққа салынған боламыз. Сондықтан агенттік құрып, тағы бір реформа жасауға ұмтылғаннан гөрі, жоғарыда аталған проблемаларды шешуге ықылас таныту керек. Жалпы, біздің елде не көп, қарақұрым агенттіктер, комитеттер же­тіп-артылады. Тіпті олардың қай­сы­бі­рі­нің өкілеттілігі өте төмен. Бұған қатысты ай­тарым, елде атом энергетикасын, өнер­кә­сібін дамытамыз десек, мәселе бір ғана агенттік құрумен ғана шешілмейді. Мүмкін, агенттік құру арқылы қайсыбір тарап өзінің бақ-беделін арттырғысы келетін болар.

Десек те, өз басым "атом энергетика сала­сы­н дамытудың нақты көзі агенттік құруда емес, ресурстарды ұқсата білуде" деп бі­ле­мін.

Бейтарап пікір - Үсен Аманбаев, экономист-ғалым:– "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ МАГАТЭ-мен бір­ге тех­никалық ынтымақтастық бағ­дар­ламасы ая­сында же­місті жұмыстар атқаруда. Бұл жұ­мыс­тар атом энер­гиясы мен ядролық-фи­зи­ка­лық технологияны қол­данудың қауіпсіздік дең­­гейін арттыруға, өнер­кәсіпте, ғылымда, ден­сау­­лық сақтау мен қоршаған ортаны қорғауды қам­титын әлеуметтік салада жаңа прогрессивті әдіс­­терді дамыту мен қол­дануға ба­ғыт­талған.

Тех­­никалық ын­ты­мақ­тастық – елдің эко­но­ми­калық да­муын­дағы ядролық технологияның үле­сін кеңейтудің маңызды механизмдерінің бірі болып қала бермек. Еліміз МАГАТЭ-нің құры­лы­мына азия­лық саяси топтан мүше болып кірген. Осы­ған орай ай­тарым, меніңше, агенттік атқа­ра­тын міндетті "Қаз­­ато­мөнеркәсіп" те атқара алады.

Тек осы са­лада қыз­мет ететін мамандардың, бас­шы­лардың бі­ліктілігін арт­тырып, техникалық ба­за­лық қуатын арттыра түс­кен жөн.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .