179519 Елімізде сұранысы жоғары мамандар тізімі өзгермей тұр ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Дағдарыс заманы жаңаша көзқарасты басшыларды қажет етеді

Америкалықтар елдегі ең қажетті мамандықтар тізімін жариялады. Ол сақтандыру компанияларының жұмысшылары, көп профильді мамандар.

Дағдарыс заманы жаңаша көзқарасты басшыларды қажет етеді
фото с сайта profinance.kz

Ал Қазақстандағы сұранысы жоғары мамандықтар қатары бірнеше жыл өзгеріссіз қалып отыр.

Осылайша, заңгер, сату ісінің менеджері, есепші және мұнайгаз саласының мамандары жоғары бағалануда.

Бұл салалардағы орташа айлық жалақы 186 мың теңге шамасында.

Алайда, айлығын жақсы алып отырған мамандықтар тек осылар емес дейді ақпараттық порталдың бас директоры Виталий Терентьев. Виталий Терентьев, Жұмыс бойынша ақпараттық порталының бас директоры:

- Дағдарыстан кейін шешімді тез әрі дұрыс қабылдай алатын, жаңаша көзқараспен жағдайды саралай білетін басқарушыларға сұраныс артты. Қазір компания басшылары оларға алып көлемде айлық төлеуге дайын. Біздің ресми статистика бойынша бұл 10-15 мың доллар шамасында. Алайда, бұл үрдіс тек қана ірі қалаларда байқалып отырған жоқ дейді Виталий Терентьев.

Бизнес бар жерде, осы мамандықтарға сұраныс жоғары.

Виталий Терентьев, жұмыс бойынша ақпараттық порталының бас директоры:

- Қазір Шымкенттің өзінде Алматылық әріптестеріне қарағанда айлығы жоғары басқарушы директорлар бар. Себебі, ол жерде өндіріс орындары өте көп және жан-жақтан білікті мамандар тартылған. Сондықтан, Алматы мен Астанада ғана айлық жалақы жоғары деп айтқан дұрыс емес.

Алматы мен Астанада ғана айлық жалақы жоғары деп айтқан дұрыс емес

Айта кететін жайт, қазір саладағы даму үрдісі дағдарысқа дейінгі шегіне жетіп қалды. 2010 жылы сала 3-5 пайыз қосты. Ләззат Құшанова, Алматы қаласы әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту басқармасының бастығы:

- Еліміздің аудан орталықтары мен ірі қалаларында жұмысқа байланысты қосымша коэффициенттер төленіп отырады. Кейбір жерде аталған көрсеткіш Алматы қаласындағы көрсеткіштерінен әлдеқайда жоғары болады. Алайда, статистикаға көз жүгіртсек, Алматыдағы жұмысшылардың айлығы жоғарырақ. Естеріңізге сала өтсек, қазір елдегі орташа айлық жалақы 77,5 мың теңге болып отыр. Статистика жөніндегі агенттік таратқан ақпараттарға қарағанда, ақпан айында елдегі жұмыссыздар саны 493,8 мың адамға жетті.

Источник: Хабар
В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .