178770 2011 жылғы ақпанда Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны бағалау б... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны 8,1 млн адамды құрады

2011 жылғы ақпанда Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны бағалау бойынша 8,1 млн. адамды құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарлады.

Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны 8,1 млн адамды құрады
фото с сайта socialvko.gov.kz

Агенттіктің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, өткен ақпан айында жұмыспен қамтылғандардың саны 2010 жылдың ақпанынан қарағанда 0,5 пайызға немесе 38,4 мың адамға көп.Ағымдағы жылдың ақпанында жалдамалы қызметкерлердің саны жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 67,1 пайызын, натқы атқанда 5,4 млн. адамды құрады. Жұмыссыздар саны бағалау бойынша, 493,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайызды құрады.

Ақпан айының соңындағы жағдай бойынша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 51,5 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелді.

Олардың үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6 пайызын құрап отыр (2010 жылғы ақпанда - 0,9 пайыз). Сондай-ақ Агенттіктен хабарлағандай, аталмыш кезеңде жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6 пайызын құрады.

Жұмыссыздар саны бағалау бойынша, 493,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайызды құрады

Айта кетейік, жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) - қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.Жасырын жұмыссыздық деңгейі - толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 8

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .