178768 Үкімет басшысының орынбасары Әсет Исекешев сенімді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Инвестициялаудың маңызды көзі исламдық қаржыландыру болады

Үкімет басшысының орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев исламдық қаржыландыру Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын инвестициялаудың маңызды көзіне айналатынына сенім артты.

Инвестициялаудың маңызды көзі исламдық қаржыландыру болады
фото с сайта diapazon.kz

Бұл туралы бүгін ол Астанадағы "Исламдық қор нарығын Қазақстанда және ТМД елдерінде дамыту" конференциясында айтты.Индустриялдық бағдарламаны табысты іске асыру ауқымды инвестицияны қажет ететіне тоқталған Ә. Исекешев, осы орайда шетелдік инвестиция аясында Қазақстан Үкіметі исламдық қаржыландыруды маңызды деп санайтынын жеткізді.

"Ислам қаржысы индустриялық бағдарламаны қаржыландырудың маңызды көзіне айналатынына үміттіміз",- деді Үкімет басшысының орынбасары.

Осы тұрғыда ол өңірде Қазақстан исламдық қаржыландыру бойынша тиісті заңнаманы бекіткенін еске салып өтті.

Қазақстан исламдық қаржыландыру бойынша тиісті заңнаманы бекіткенін еске салып өтті

"Біз 2 жылдан астам уақыттан бері бұл бағытта мақсатты түрде жұмыс істеп келеміз. Әрине, кейбір проблемалар бар. Алайда, біз бұл мәселелерді тез арада шешуге ниеттіміз",-деді Ә. Исекешев.Осы орайда ол заңнамалық база тұрғысында, сондай-ақ кедергілерді жою бойынша жұмыстар биыл тиісті деңгейде атқарылатынын айтып өтті.

 

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .