178428 Алматыда наурыздың соңғы күндері  "Экологиялық таза қалалардың көлік ж... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстан мен АҚШ еліміздің автобус паркін экологиялық таза отынға ауыстыру бағдарламасына кірісті

Алматыда наурыздың соңғы күндері  "Экологиялық таза қалалардың көлік жүйесі" деген тақырыпта халықаралық семинар өтеді.

Қазақстан мен АҚШ еліміздің автобус паркін экологиялық таза отынға ауыстыру бағдарламасына кірісті
фото с сайта almanews.kz

Бұл шараны Қазақстан мен Құрама Штаттардың энергетикалық ведомстволары бірлесіп ұйымдастыруда, деп хабарлады Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметінен. Бұл шараға сондай-ақ АҚШ-тың Аргон ұлттық зертханасы да ұйытқы болып отыр.

Семинар өткен жылдың қараша айында Вашингтонда Қазақстанның Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев пен АҚШ Энергетика министрінің бірінші орынбасары Даниэл Понеманның төрағалығымен өткен.

Энергетикалық серіктестік жөніндегі бірлескен қазақстан-американ комиссиясының 7-ші отырысында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес өткізілгелі отыр. Қазақстандық және американдық мамандар мен басқа елдерден келген сарапшылар семинарда Қазақстанның автобус паркін экологиялық таза отынға - сығымдалған табиғи газға ауыстыру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырудың ең тиімді жолдарын талқыламақ.Семинар туралы, оның бағдарламасы және шараны ұйымдастырушылар туралы қосымша ақпараттармен арнайы ашылған http://www.ne.anl.gov/workshops/KZ11/ интернет-ресурста танысуға болады.

Источник: ИА "Казинформ"
В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .