Финансы
178425 Құрылыс ассоциациясы төрағасының болжамы ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Елімізде тұрғын үй 2011 жылы 10%-ға қымбаттайды

Қазір тұрғын үй бағасы белгілі бір деңгейде тұрақтанды. Бірақ еліміздегі тұрғын үй бағдарламасы жеткілікті жүзеге аспайтын болса бағаны ешкім ұстап тұра алмайды

Елімізде тұрғын үй 2011 жылы 10%-ға қымбаттайды
Фото: Lenta.ru

"Жыл соңына қарай үй бағасы 10 па­йызға көтерілуі мүмкін. Осы уақыт ішінде үй нарығы сатылымда қанша пәтер тұр­ға­нын, қанша үй салынып, жаңа құ­ры­лыс­тар­дың қаншалықты қолға алынып жат­қа­нын көретін болады. Егер тұрғын үйлер көптеп салына бастаса – баға сәл өскен қалыпта тұрақтануы мүмкін.Ал жыл соңына дейін тым болмаса 1 миллион шаршы метр тұрғын үй нарыққа ұсы­ныл­май­тын болса, 2006-07 жылдардағыдай баға тағы да ша­рықтайды" дейді Қазақстанның құрылыс ассо­циациясының төрағасы Айдын Рахымбаев.Оның айтуынша, қазір тұрғын үй бағасы белгілі бір деңгейде тұрақтанды деп айтуға болады.

Өйткені соңғы үш жылда ұсыныс сұраныстан көп болды, баға төмендеді. Қазір сұраныс ұсынысты қуып жетті.

"Бүгін тұрғын үйдің бағасы Алматы мен Астанада шаршы метріне 1250-1350 доллар шамасында. Бұл алушыға да, сатушыға да жақсы баға, оған сүйенуге болады. Бірақ еліміздегі тұрғын үй бағдарламасы жеткілікті жүзеге аспайтын болса бағаны ешкім ұстап тұра алмайды" дейді ол.

Источник: Алаш Айнасы
В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 8

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .