Финансы
177925 Американдық Tetra Tech компаниясы Қырғызстанның бүкіл энергожүйесіне а... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Американдық компания Қырғызстанның энергетикалық жүйесіне аудит жүргізуде

Американдық Tetra Tech компаниясы Қырғызстанның бүкіл энергожүйесіне аудиторлық тексеру жүргізіп жатыр.

Американдық компания Қырғызстанның энергетикалық жүйесіне аудит жүргізуде
фото с сайта energo.gov.kg

Бұл туралы Бішкекте Қырғызстанның энергетика министрінің орынбасары Автандил Қалмамбетов мәлім етті. Аудиттің нәтижесі 2011 жылы 15 наурызда жария етілмек.

"Аудит жүргізіп жатқан американдық компания энергетика министрлігіне есеп беріп қойды, бірақ олар әзірге алдын ала нәтижелер. Біз тексеру қорытындысын тыңдадық. Барлық келісулерден және басқа да жұмыстардан кейін, біз аудитттің нақты нәтижесін жариялаймыз", деді А.Қалмамбетов өз сөзінде.

Аудит барысында тіркелмеген және ескерілмеген өте көп абоненттер анықталып отыр.

Ондай "өлі жандар" энергетиктерге нақты мәліметтерді жасыруға және коммерциялық шығындарды дебиторлық берешекке жатқызуға мүмкіндік береді. Мұндай фактілер сонау 2006 жылы жүргізілген тексерудің барысында мәлім болған еді. Бірақ ешқандай шара қабылданбаған", - дейді Қырғызстанның Энергетика министрлігі бақылау кеңесінің мүшесі Николай Кравцов.

Құрманбек Бакиевті тағынан тайдырған халық толқуының бір себебі электр қуаты тарифінің қымбаттауы болған еді

Қырғызстанның энергожүйесіне жүргізілген аудиттің қорытындысы бойынша электр қуатының өзіндік құны анықталмақ.

Сөйтіп халық үшін электр қуатының қазіргі тарифі өзгертіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Құрманбек Бакиевті тағынан тайдырған халық толқуының бір себебі электр қуаты тарифінің қымбаттауы болған еді.

 

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .