177720 Кеден одағы жағдайында бірыңғай аграрлық нарық кеңістігін құру мүмкінд... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Кеден одағында аграрлық нарық кеңістігін құрылуы талқыланды

Кеден одағы жағдайында бірыңғай аграрлық нарық кеңістігін құру мүмкіндігі туып отыр. Кеден одағында аграрлық нарық кеңістігін құрылуы талқыланды

Бұл туралы 1 наурызда ҚР және РФ ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен екінші алқа отырысынан кейін Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.Оның айтуынша, бизнес құрылымдары бұрын өз өнімін сыртқа шығару үшін алты рұқсат қағазын алатын болса, қазір бұл жұмыс жеңілдетілді.

Яғни олардың бекітілген форма бойынша малдәрігерлік сертификаты болуы керек, екіншіден, реестрге тіркелуі қажет, мұны Қазақстанның малдәрігерлік қызметі жүзеге асырады.

Асыл тұқымды мал өсіру, мал бордақылау алаңдарын кеңейту, басқа да жобаларды жүзеге асыру арқылы сапалы өнімді шетке де көптеп шығаруға болады

"Ресей жағымен біз өзара сенім негізінде жұмыс жасауымыз керек. Тиісті құжаттар қабылданып, бәрі реттелсе, шекара жабық болмайды. Малдәрігерлік сертификат та бірдей болады. Ресей - нарығы ауқымды үлкен ел. Сондықтан жан-жақты қарым-қатынас жасаудың маңызы зор. Асыл тұқымды мал өсіру, мал бордақылау алаңдарын кеңейту, басқа да жобаларды жүзеге асыру арқылы сапалы өнімді шетке де көптеп шығаруға болады. Ең бастысы, бәрін де заңды жолмен реттеп, нарыққа жол таба білуде", - деді А.Күрішбаев.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .