Финансы
177543 Жоғарғы оқу орындарындағы парақор ұстаздардың атын жөнін жаппай жариял... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қаржы полициясы жемқорлар туралы сайттың "қара тізімдерін" тексереді

Жоғарғы оқу орындарындағы парақор ұстаздардың атын жөнін жаппай жариялап жатқан "vzyatochnik.info" сайтындағы мәліметтерге қаржы полициясы да қызығушылық танытып жатыр. Егер аталмыш сайтта жазылғандар рас болса, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Қаржы полициясы жемқорлар туралы сайттың  "қара тізімдерін" тексереді
фото с сайта i-news.kz

Ал, Қазақстанның бас мұғалімі Бақытжан Жұмағұлов "vzyatochnik.info" сайтын құрушылармен кездесуді жоспарлап отыр. Толығырақ, Ербол Мәндібектің репортажына назар аударыңыздар! "vzyatochnik.info" санаулы уақыттың ішінде танымал сайтқа айналды. Мұнда қара тізімге кейбір ұстаздардың есімдері бадырайып жазылған. Әрине, желіге домалақ арыз жазатын студенттер. Мәселен, мына бір сөйлемде оқу ордасындағы беделді ұстаздардың бірі, Философия ғылымдарының кандидаты, профессор Фарида Саттарова "аты аңызға айналған парақор" деп айыпталған. Ал, мұғалім мұны жоққа шығарды. Фарида Саттарова - Е.Бөкетов атындағы қарму философия және психология факультетінің оқытушысы"Бізге ол тән емес, жоқ, жоқ..." Дегенмен, "vzyatochnik.info" сайты Қаржы полициясының назарына түсіп үлгерді. Егер ақпараттар ақиқатқа айналса, қылмыстық іс қозғамақ. Гүлжан Сүлейменова - Қарағанды облыстық экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының баспасөз хатшысы "Жоғары оқу орынындағы лауазымды тұлғаларға қатысты "vzyatochnik.info" сайтына келіп түскен ақпараттар бойынша тергеуге дейінгі тексерістер жүргізіледі. Егер аты жазылған ұстаздың пара алғаны анықталса қылмыстық іс қозғалады". Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде де жемқорлық белең алып бара жатыр",- дейді сайтқа пікір жазушылар. Мына сөйлемде студенттер өзара ақша жинап, оқытушыға жаңа жылға арнап жеміс-жидектер сатып алғаны туралы айтылады. Кейбір жағдайда, бестік баға алғың келсе телефон нөміріме 5 мың теңге сал дейтін мұғалімдер де бар көрінеді. Университет студенттері барлық ақиқатты айтсақ, оқудан шығып қаламыз ба деп қорқады. Сондықтан, сұхбатты камераға теріс қарап тұрып беруге мәжбүр болды. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің студенті"Екі мың теңгелеп талап еткен кездер болды. Жалпы мұғалімдер біздерден тікелей алудан қорқады. Олар төменгі курс студенттерінен жоғарғы курс студенттері арқылы алады. Ал группадан ақша жинау үшін старосталарды қолданады. Староста келіп саған екі мың саған үш мың берсін деп жатыр деп айтады. Кейбір мұғалімдер карточкалы төлем арқылы алады. Мынау менің нөмірім былай, актив салып бер деп". Жоғары оқу орындарындағы жемқорлық жайында жазып жатқан "vzyatochnik.info" сайты туралы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бейхабар. Бірақ, сайтты құрастырушылармен қалай да кездесу қажет деп отыр. Бақытжан Жұмағұлов - ҚР білім және ғылым министрі"Бұл сайтты кім құрғанын және қалай құрғанын, мен олармен кездесуді жоспарлап отырмын. Тауып, олардың түпкілікті мақсатын, не үшін құрғанын, оларды кім көрінгенді қаралап, мүмкін олар өздеріне жақпайтын нәрселерге сайттың ішіне не болса соны жазады ғой. Бұлардың біреуіне мен сенбеймін". Білім және ғылым министрінің сайтты құрастырушылармен кездессем деген жоспары оңай жүзеге аспайтын сыңайлы. Себебі, сайттың авторы әлі беймәлім. Оның кім екені? Қайда жүргенін ешкім бажайлап айтқан емес. Дегенмен, "взяточникинфоның" бастапқы бетінен мынандай сөздерді оқуға болады. Яғни, "Мен кіммін (әлде біз кімбіз)? Біріншіден, мен - Қазақстандық студенттердің болашағына алаңдайтын азаматпын.

Источник: 7 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .