Финансы
177437 Қарағанды облысының әкімдігі мен "Қазақмыс" шағын және орта бизнесті қ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

"Қазақмыс" шағын және орта бизнесті қолдайтын болды

Қарағанды облысының әкімдігі мен "Қазақмыс" шағын және орта бизнесті қолдауға арналған меморандумға қол қойды."Қазақмыс" шағын және орта бизнесті қолдайтын болды

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, құжатқа қол қою рәсімі аймақ басшысы Серік Ахметовтың Жезқазғанға сапары кезінде болды. "Меморандум бойынша сатып алуларда жергілікті мазмұн үлесін Қарағанды облысының, оның ішінде Жезқазған өңірінің де кәсіпорындарымен келісімшарт жасау арқылы арттыру;- шығарылатын өнім түр-түрлерін арттыру бойынша шағын және орта бизнес кәсіпорындарында өндірісті шоғырландыруға, корпорация айналасында жаңа өндірістерді құруға атсалысу;

Қарағанды облысының машина жасау кәсіпорындарында тау-кен, көмір, металлургия, химия саласының бөлімшелеріне қажетті құрал-жабдықтарды әзірлеу бойынша тапсырыстарды орналастыру;

облыс кәсіпорындарын корпорацияның өндірістік қуаттылықтарды жаңғырту мен дамытуға арналған инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асыруға тарту секілді міндеттемелер бар", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылы корпорация жергілікті тауар өндірушілерден 53,4 млрд. теңге сомаға тауар, жұмыс және қызмет түрлерін сатып алуды көздеп отыр

"Биылғы жылы корпорация жергілікті тауар өндірушілерден 53,4 млрд. теңге сомаға тауар, жұмыс және қызмет түрлерін сатып алуды көздеп отыр. Бұл жалпы сатып алу көлемінің 39% құрайды. Сонымен қатар Қарағанды машина жасау консорциумы кәсіпорындарынан 1,2 млрд. теңге сомаға сатып алуды жүзеге асыру көзделініп отыр", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Келісімге Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов пен "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай қол қойды.

Кездесу барысында, облыс әкімі Мемлекет басшысы қойған маңызды міндеттерінің бірі қазақстандық мазмұнды жоспарлы түрде арттыру, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес базасында жаңа өндіріс орындарын құру екендігіне баса назар аударды.Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2010 жылдың қорытындысы бойынша аталмыш кәсіпорын 214 млрд. тенге сомасында тауарлар, жұмыс пен қызмет түрлерін сатып алған, оның ішінде 129,2 млрд. теңге - отандық тауар өндірушілерден, бұл ретте Қарағанды облысының өндірушілерінен сатып алу үлесі 29%, немесе 37 млрд. тенгені құрады. Сондай-ақ Машина жасау консорциумы кәсіпорындарында 172 млн. теңге сомаға тапсырыстар орналастырылды."Дей тұрғанмен, қазақстандық мазмұнды дамыту жұмыстарын әлі де болса ширата түсу, отандық тауар өндірушілерді қолдаудың неғұрлым пәрменді, сапалы механизмдерін іске қосу қажет", - деп санайды облыс әкімі. "Осыған орай облыс әкімдігі мен "Қазақмыс" корпорациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды, - деп қорытты әкім.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .