Финансы
177305 Қазақстан Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикас... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Шаруа қожалықтарының қызметін реттеуге арналған заң қабылданды

Қазақстан Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарын талқылап, құжат қабылданды.Шаруа қожалықтарының қызметін реттеуге арналған заң қабылданды

Естеріңізге сала кетейік, Парламент қабылдаған заңның негізгі мақсаты - еліміздегі фермерлік және шаруа қожалықтарының арасындағы бірқатар қызметтерді реттеу болып табылады.

Құжатпен Жер кодексі мен "Шаруа және фермерлік қожалықтар туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Атап айтқанда, құжат ауыл шаруашылығына бағытталған, бірақ қандай да бір ғимарат орналасқан жер телімінің құнын анықтау тәртібін бекітеді.

Екіншіден, ол шаруа немесе фермерлік қожалықтары бар азаматтардың жер телімдерін алу тәртібіне қатысты мәселелерін реттейді.

Үшіншіден, заң жобасы шаруа немесе фермерлік қожалық иелерінің құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі қарастырады. Бұл өз кезегінде азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғап, еңбек тәртібін талап етіп, еңбек пен ол үшін төленетін жалақының әділетті болуын қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, заң жобасына сәйкес, Жер кодексінің 10-бабына елді мекендердің шегінен тыс орналасқан жер учаскелері бойынша өзгеріс енгізілетін болады. Оның кадастрлық (бағалау) құны жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсаты үшін жеке меншікке берген кездегі төлемақының базалық ставкаларының мөлшеріне негізделе отырып, айқындалады.

Шаруа немесе фермер қожалықтары субъектілеріне мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жасау мүмкіндігі беріледі

Одан басқа, шаруа немесе фермер қожалықтары субъектілеріне мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жасау мүмкіндігі беріледі, шаруа немесе фермер қожалықтарының осы мүлкін сатқан немесе сыйға тартқан жағдайда ұзақ мерзімге уақытша жер пайдалану құқығын беру заңнамалық тұрғыдан бекітіледі.Келісім комиссиясының талқысына 7 түзету шығарылған болатын. Бұның барлығы да бірлескен редакцияда қабылданды.Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .