177144 КЕГОК пен бірлесе жобаны 2016 жылға дейін жүзеге асырады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Оңтүстік Корея ұлттық электр желілерін жаңғыртады

Үкімет үйінде Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен "Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғыртудың екінші кезеңі" жобасы аясында Корей компанияларымен келісім-шарт жасалды.

Оңтүстік Корея ұлттық электр желілерін жаңғыртады
фото с сайта tengrinews.kz

Құжатқа "КЕГОК" Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев және Оңтүстік Корея жағынан "Хюндай Инжиниринг", "Хюндай Корпорейшн" және "Корея Електрик Пауер Корпорейшн" консорциумының басшылары қол қойды.

Ол бойынша кореялық 3 компания Ақтөбе және Батыс аймақаралық электр стансаларын, әрі Шымкент аймақаралық электр стансасы филиалдарындағы 500 және 220 киловатт желісіндегі қосалқы стансаларға жаңғырту жұмыстарын жүргізеді.

Жаңғырту жұмыстары электр желілерінің тиімділігін арттырып, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетуге жол ашпақ. "Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғыртудың екінші кезеңі" жобасының жалпы құны 52 млрд теңгені құрайды. Ол 2010-2016 жылдар аралығында жүзеге асады. Алмасадам Сатқалиев, "КЕГОК" Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы:

- Ұлттық электр желісі жобасы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына кірген болатын. Және ол бойынша ескірген қондырғыларды ауыстыру көзделген.

Яғни Кегок компаниясы тұтынушылар мен ел экономикасын электр қуатымен тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік алмақ.

Источник: Хабар

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .