Финансы
177105 Жалпы сомасы 2 млрд. 800 млн. теңге көлеміндегі 19 000 өнім партиясын ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанда 3 млрд теңгеге жуық тауарлардың сатуына тыйым салынды

Жалпы сомасы 2 млрд. 800 млн. теңге көлеміндегі 19 000 өнім партиясын сатуға тыйым салынды.

Қазақстанда 3 млрд теңгеге жуық тауарлардың сатуына тыйым салынды
фото с сайта spletnicam.ru

2010 жылы жүргізілген әр түрлі тұтыну санатына жататын өнім түрлерін тексеру барысында белгіленген талаптар мен шарттардың сақталмайтындығы және өнімдердің стандарттарға сәйкес келмейтіндігі анықталған. Заңмен белгіленген талаптардың сақталмауы негізінен тауарларды сертификаттау, қораптарды таңбалау мен қауіпсіздік көрсеткіштеріне қатысты болып отыр.

Бұл жөнінде бүгінгі баспасөз маслихатында мемлекеттік бақылау сараптамасы мен мониторингі басқармасының бастығы Асхат Хасенов мәлімдеді.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің мамандары жүргізген тексерістер мен мемлекеттік бақылаудың қорытындыларына сәйкес талаптар мен нормаларды бұзу бойынша маңызды тұтыну өнімдерінің түрлі топтарында мынадай көрсеткіштер тіркелген: құрылыс материалдары - 56%, өнеркәсіп өнімі - 54%, халықтық тұтыну тауарлары - 53%, электротехникалық бұйымдар - 52%, мұнай өнімдері - 47%, дәрі-дәрмек- 42%.

Сертификаттау, таңбалау, қауіпсіздік талаптар мен белгіленген техникалық регламенттер бұзылған фактілер бойынша жалпы сомасы 2 млрд. 800 млн. теңге көлеміндегі 19 000 өнім партиясын сатуға тыйым салынған.

"Қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, соның ішінде таңбалау ережесінің дұрыс сақталмауы мен белгілі бір тамақ өнімдерінің бактерологиялық нормаларға сәйкес келмеу жағдайлары тамақ өнімдеріне қатысты болған. Бұндай олқылықтар Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарындағы өнімдерді тексеру барысында анықталған", - деді Асхат Хасенов.

 

Источник: ИА "Казинформ"
В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .