Финансы
176976 "Қазтеміртранс" еліміздегі теміржол жүк тасымалының тең жартысынан аст... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Кедендік одақ Еуропа мен Қытай арасындағы транзиттік жүк тасымалдауын оңайлатады

"Қазтеміртранс" еліміздегі теміржол жүк тасымалының тең жартысынан аста­мын жү­зе­ге асырып отырған респуб­ли­камыздағы жүк вагондары паркінің ірі опе­раторы.

Кедендік одақ Еуропа мен Қытай арасындағы транзиттік жүк тасымалдауын оңайлатады
фото с сайта newskaz.ru

"Алаш айнасы"-ның сұрақтарына Шағдарбек ЖАЙСАҢБАЕВ, "Қазтеміртранс" АҚ президенті жауап берді.

Шағдарбек Нақыпбекұлы, темір­жол­ды ел экономикасының күретамы­ры десек, ондағы жүк тасымалының рес­­публика үшін аса маңызды тармағы еке­ніне дау жоқ. Өткен жылды қалай аяқ­тадыңыздар? – Рас, өзіңіз айтқандай, бүгінгі таңда те­мір­жол көлігі ел экономикасы үшін ма­ңызы зор алып салаға айналып отыр. Шо­йын жолдың бойында қашан да жүктер то­лас­сыз ағылып, жолаушылар да қалаған жа­ғына уақытында барып жатады, мұның бәрі – жарқын болашақ үшін, ел игілігі үшін! "Қазтеміртранс" еліміздегі теміржол жүк тасымалының тең жартысынан аста­мын жү­зе­ге асырып отырған респуб­ли­камыздағы жүк вагондары паркінің ірі опе­раторы болып та­былады. Негізгі жұмы­сы­мызбен қатар, жүк вагондарын жөндеумен (соның ішінде өзі­міздің вагон жөндеу кәсіп­орын­дарын­да), кө­ліктік-экспедиторлық, опе­раторлық жұ­мыс­тарды жүзеге асы­ру­мен айналысамыз. Біз 2010 жылды дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуға жағдай жасай отырып, оң нәтижемен аяқтадық. Мұның айғағы – өткен жылдың қорытындылары бойынша өнді­рістік және қаржы-экономикалық көр­сеткіштеріміздің едәуір арта түсуінде.

Мәселен, 2010 жылдың 12 айы бойын­ша жүк вагондарын ақылы пайдалану 16,3 млн вагон-тәулікті құрады, ал жоспарда 15,8 млн, яғни 100 пайыздан артық орын­дал­ды.

Жоспар бойынша, 15 992 вагонға жөн­деу жұмысын жүргіздік, күрделі жөн­деу арқылы 1167 вагондардың пайдалану мерзімін ұзарттық. Күрделі қаржы жоспары бойынша жеке меншік кәсіпорындардың жабдықтарына жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргіздік. Кейінгі екі жылда Арал, Балқаш және Орал вагон жөндеу кәсіпорындарын қайта жарақ­тау­ға компания атынан біраз қаражат бөл­дік, сондықтан бұл жұмыстардың көлемін ұлғайту, сапасын арттыру, еңбек өнімділігін жақсарту – депо басшылары үшін зор міндет. Меніңше, биылдан бастап осы бастаманың алғашқы нәтижелерін көретін боламыз.

Былтырғы жылдың тағы бір жетістігі автоматтандырылған басқару жүйесінің (АБЖ) пайдалануға енгізілуі.

Осы жүйе арқылы жөндеу жұмыстары қатаң бақылауға алынып, вагондар мен олардың бөлшектерін ұрлау, жымқыру сияқты әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік туатын болады. 2010 жылы шетелдік инвесторлардан қа­рыз алып, ауқымды істерді жүзеге асыр­дық. Біз Еуропалық қайта құру және даму банкімен шартқа отырып, банктен алынған қа­ражатқа жаңа жүк вагондарын сатып алдық.

2010 жылы шетелдік инвесторлардан қа­рыз алып, ауқымды істерді жүзеге асыр­дық

Сонымен қатар өткен жылдың наурыз айында жүк вагондарының операторы функциясын жүзеге асыруды бастадық.

Әзір­ге мемлекетаралық қатынастар бойын­ша сегіз маршрут бар, қазіргі уақытта олар­дың санын арттыруға баса назар аударып отыр­мыз. – Бізде қай саланы алсақ та негізгі құ­ралдардың тозу деңгейі өте жоғары екендігі жиі айтылады. Бұл проблемадан теміржол тасымалы да сау емесін біл­е­міз. Бүгінгі вагондар паркінің ахуалы қан­дай? Вагондар паркін жаңғырту ба­ғы­­тында нендей шаруалар атқары­лу­да? – Вагон паркінің тозуы жайлы сөз қозғайтын болсақ, бүгінгі күні ол 69 пайызды құрап отыр (паркте 52 000-ға жуық вагон бар). Тасымалдау жұмысын сапалы атқарып, вагон паркін дұрыс күйінде ұстау үшін, жыл сайын жылжымалы құрамды жөндеп, жа­ңартып отырамыз. Жоғарыда айтып өткенімдей, 2010 жылы вагон паркін біртіндеп жаңартуды бас­­тадық: Еуропалық банктен алынған қа­ражатқа 800-ге жуық вагон, компанияның жеке қаражатына 400-дей вагон сатып ал­ған болатынбыз. Жалпы, компания құ­рыл­ғаннан бері 9 000 шамасында жаңа вагон­дарға ие болдық. Бірақ вагон тапшылығын шешу бары­сын­да вагондарды сатып алу, оларды күрделі жөн­деу арқылы мерзімін ұзарту, тарифтердің көте­рілуі жөніндегі мәселелерді ғана қа­растыру жеткіліксіз сияқты.

Бұл жерде отан­дық машина жасау, жеке меншік вагон жасау өндірістерін көтеру керек.

Әрине, мұндай жағдай қыруар қаржыны талап етеді, сон­дықтан мемлекет тарапынан қолдау көрсе­тілсе, нұр үстіне нұр болар еді! Дегенмен біз бұл бағыт бойынша алғаш­қы қадамды бастап та кеттік. Бүгінгі таңда жүк вагондары мен олардың қосалқы бөл­шек­терін шығаратын отандық кәсіп­орын­дардың біршама жолға қойылғанын өзіңіз білетін шығарсыз. Қазақстан Республика­сы­ның Көлік және коммуникациялар министр­лі­гінің мәліметтері бойынша, алғашқы екі жылдың ішінде локомотивтер мен вагондар жасау өндірісінің нәтижесінде 2015 жылға қарай жылжымалы құрам тозуының көрсет­кіш­тері 40 пайызға дейін төмендемек. Ел экономикасы жылдан-жылға қарқын­ды дамып келе жатқанын да естен шығар­маған жөн. 1997 жылдан бастап өнеркәсіптік кәсіпорындардың 50-ден астамы пайдала­ну­ға берілді, ал 100-ден астам құрылыс жо­ба­лары қаралып жатыр. Бұл кәсіп­орын­дардың барлығы дерлік шикізатқа, қажетті ма­териалдарға және тасымалдау жұмыс­та­рына мұқтаж болып отыр. Ендеше, бізге парк­ті дамыту міндеттемесінің жүктеліп отыр­ғаны – бұлтартпас шындық. – Біздің елдің аумағында пайда­ла­ны­лып жүрген вагондардың басым көпшілігі Ресейден жалға алынған деген де сөз бар, қаншалықты рас? Егер солай болса, бұл біздің экономикалық қауіп­сіздігімізге нұқсан келтірмей ме? – Бүгінгі күнге дейін Ресей теміржол­да­рының жүк паркінің барлығы дерлік "Первая грузовая компания" ААҚ мен "Вторая гру­зовая компания" ААҚ меншігінде. Бұлар – нарық бәсекесінде кіммен болса да иық тірестіріп жаттыққан алып компа­ния­лар. Әйтсе де, мұның да жақсы жақтары бар. Өткен жылдың жазында астық таситын вагондардың тапшылығынан, бізге Ресей жылжымалы құрамының операторы көмек берген болатын. Бұған қарап, Қазақстанның көлік нарығын жаппай ресейлік тасымал­дау­шылар жаулап алған деген ұғым тумауы керек, біз ішкі мұқтаждарымызды өзіміз қана­ғат­тандыра аламыз. Көліктік-экспеди­тор­лық жұмыстарды қазіргі заманға сай сапалы көрсете отырып, өз ұстанымымызды әрі қарай да нығайта бермекпіз.

Орталық Азия мен Еуропаның ара­сында орналасқан еліміздің транзиттік әлеуе­ті жоғары деп ылғи айтып жата­мыз. Осы әлеуетіміз қаншалық тиімді пай­даланылып жүр? Транзиттік жүк тасы­ма­лы Кедендік одақ құрылғалы бері қан­шалық артты немесе төмендеді екен?– Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің кейінгі жолдауында Кедендік одақтың рөлін жоғары бағалады, еліміздің эконо­микалық міндеттерін шешіп отырған кешенді әрі нақты жоба екендігін айтып өтті.

2010 жылдың тек 10 айы бойынша Ресей және Беларусь елімен жасалған сауда-саттықтың көлемі 38 пайызға жетті.

Кедендік одақ елде­ріне экспортқа шығарылатын қазақ­стан­дық өнім 52,4 пайызға артты. Бұл ретте бюд­жетке салынатын кедендік баж өсімі 25 пайыз­ды құрады. Осының бәрі Кедендік одақ құрудың қажеттілігін, оның бүгінгі күн­дегі өзектілігін растайды.

Кедендік одақ елде­ріне экспортқа шығарылатын қазақ­стан­дық өнім 52,4 пайызға артты

Кедендік одақтың құрылуы, Қытай жүк­терін транзитпен Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға және шикізатты Қытайға өткізуді оңайлатады деп үміттенеміз, әрі бірыңғай кедендік аумақтың мемлекеттерімен іскерлік қарым-қатынасты нығайтады деген сенім­деміз. Мұның бәрінің түбінде халықтың әл-ауқатын жақсартуға да зор септігі тиетіні сөзсіз.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .