Финансы
176935 Отырар ауданының аумағы қазақтың төрт түлігін өсіруге өте ыңғайлы. ф... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Оңтүстік Қазақстанда асыл тұқымды мал көбейді

Отырар ауданының аумағы қазақтың төрт түлігін өсіруге өте ыңғайлы.

Оңтүстік Қазақстанда асыл тұқымды мал көбейді
фото с сайта express-k.kz

Қызылқұмда өскен түйенің сүті ертеден-ақ дертке дауа. Осындағы ойсыл қара өсіріп жатқан шаруа қазір малды көбейткеннен көрі асылданғанын қалап, мемлекет тарапынан болған көмектің арқасында жұмысын жандандыра бастады.Малшы қауым қорадағы түліктің көбейгеніне мүдделі. Ал шаруаның көзін білетіні тұқымының асыл болғанын қалайды. "Сұңқар-Тұлпар" шаруа қожалығында түйенің саны 350-ге жақындапты. 2 мыңнан аса қисары қойы бар. Мініске мықты қазақтың жылқысын да өсіріп жатыр. Барлығы асыл тұқымды. Ойсыл қараны будандастырып, жергілікті жерге ыңғайластырылған текті түқымын шығарыпты.

Шаруашылықтағы түліктің етін төңіректегі базарға шығарады, қымыранды қалаға жіберіп тұрады.

Дегенмен, мүмкіндігімізді толықтай пайдаланып отырған жоқпыз,-дейді. Қымыран өңдейтін цех ашпақ ойлары бар. Сұранысы артқан халал шұжық та шығаруға болады. Пайданы тұқымы асылданған түліктен көрмек.

Мініске мықты қазақтың жылқысын да өсіріп жатыр

Қалқабай Бәйімбетов, шаруа қожалығының төрағасы:

- Айыр түйеге лөк салып, екеуін будандастырып, нармая шығарғанбыз. Қазіргі түйеміздің барлығы нармая. Бұл жүнді де болады, етті де болдады, сүтті де болады. Сол салада жұмыс істеп жатырмыз.

Барлығы асыл тұқымдыӘлайдар Әймен, шаруа қожалығының зоотехнигі:

- Азғындап кеткен ғой мал. Сол жер-жерден тәуірін әкеліп, асылдандырып отырмыз. Осының сүтін өңдеп экспортқа шығармасақ та, өзіміздің Қазақстанды қамтамсыз етсек, азық-түлік есебіндегі нәрсе ғой барлығы да.Облыста ойсыл қараның текті тұқымын өсіретін 15 шаруашылық бар. Бір Отырар ауданында жалпысы 24 шаруашылық тек қана асыл тұқымды мал өсіреді. Елбасының халыққа жолдауы жоспарлы істерге бастапты.Бейбіт Сыздықов, ОҚО Отырар ауданының әкімі:

- Осы мақсатта мал өсіру кешендерін көбейту, әрбір ауыл округтерінде бір-бір мал бордақылау алаңшаларын жасақтау, сүт фермасы, қымаран өңдейтін цех ашуды жоспарлап отырмыз. Осы жұмыстардың 2011 жылы 90 пайызы жүзеге асады.Шаруаларды малдың жүні мен терісін өткізу мәселесі мазалайтын. Аудан бюджетінен қаржы бөлініп, мұны шешудің жолдары қарастырылуда. 

 

 

Источник: Хабар
В статье: Юко, Шымкент

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .