176662 Елімізде ресурстар жеткі­лікті, мамандар жоқ ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Химия өнеркәсібін жандандыратын техно­ло­гиялық база нашар

Химиясын дамытқан елдің экономикасы да қарыштай түседі.

Химия өнеркәсібін жандандыратын техно­ло­гиялық база нашар
фото с сайта alashainasy.kz

Мұнай қорымыздың молдығы жағынан әлемдегі мұнайлы деген 15 мемлекеттің қа­та­рына енеміз. Қазір шетел­дік алпауыттарға ең тиімдісі – мұнайды шикі күйінше сыртқа экспорттау болып отыр. Ал біз шикі мұнай­ды сырт­қа сатқанымызға ғана мақтана аламыз. Кезінде Кеңес Одағының тұсында нақ осы мұнай химия өнеркәсібі біртіндеп дамып келе жатыр еді.

– Хакім Абдрахимұлы, қазір әлем елдері химия өнеркәсібін, оның ішінде мұнай химиясын дамытуға айрықша мән беруде. Осыған орай сұхбатымыздың әлқиссасын Қазақ еліндегі химия өнеркәсібінің әлеуетін сөз етуден бастасақ... Сіз осы саланы зерттеп жүрген маман ретінде отандық химия саласының келешегі мен бүгіні туралы не айтасыз?– Химия өнеркәсібі дегенде біздің алдымен тілге тиек ететін саламыз, әрине, мұнай химиясы болуы керек. Кезінде Кеңес Одағының тұсында нақ осы мұнай химия өнеркәсібі біртіндеп дамып келе жатыр еді. Ол тұстары Теміртауда, Ақтау­да, Атырауда химия өнеркәсібі бар бола­тын. Сәл ғана болса да кеңес өкіме­тінің кезінде осы сала­да біздің өзіндік үлес салмағымыз болды. Қазір химия өнеркәсібі жайлы сөз еткенде ауызды қу шөппен сүртуге тура келіп тұр. Жалпы, химия өнеркәсібі дегеннің өзі – адам баласына қажетті затты химиялық син­тез­деу арқылы алу ғой. Бізде Шығыс Қазақстан облысында рудалардан қор­ға­сын, мырыш, титан алатын зауыттар бар. Бірақ бұл химиялық синтездеуге жатпайды. Себебі бұл зауыттар өнімді шикізат есебінде алады. Ал әрі қарай ол өнімді химиялық синтездеуден өткізіп, одан тұрмысқа қажет­ті заттар алу мұндай зауыттардың қолынан келмейді. Шын­ды­ғын айту керек, бізде нақ қазір химия өнеркәсібі жоқ. Оны жасырып-жабудың да еш реті жоқ. Рас, елде нақ осы саланы жандандыратын ресурстар жеткі­лікті. Әйтсе де біз бұл салада әлі төменгі деңгейде қалып отырмыз. Бұл жағынан отандық мамандар да жеткіліксіз, техно­ло­гиялық базамыз да нашар. – Дегенмен бұл ретте керісінше пікір түзетіндер де жоқ емес. Отан­дық мамандардың қайсыбірі­нің пайымдауынша, "қазақ химия өнеркәсібінің әлеуеті қытай химия өнеркәсібінен бірде-бір кем емес. Тек осы салаға сәл ғана дем берсек болды" дейтіндер де бар. Бұған қатысты не айтасыз?

Біз өндіретін мұнайдың 90 пайызын шикі күйінше экспорттап жатыр­мыз

– Рас, асыра сілтеуді жаны сүйетін баз ­бір отандық сарапшылар бүгінде осындай "қызылды-жасылды" жалынды сөздерді алға тартады. Бұл ретте мен сізге бір ғана мысал айтайын, біз мұнай­ға бай мемлекет­піз. Мұнай қорымыздың молдығы жағынан әлемдегі мұнайлы деген 15 мемлекеттің қа­та­рына енеміз. Ойлап қарасақ, қазір әлем елдерінің басым бөлігі мұнайдан тұрмысқа қажетті заттар алудың шеберіне айналып жатыр. Біле білсеңіз, мұнайдан кір жуғыш зат­тар, әртүрлі пластикалық зат­тар, кеңсе заттары, үй жиһаздарына дейін алы­нады. Мұнай химиясын жетік меңгерген елдер шикі мұнайды терең деңгейде ұқсатып отыр. Ал біз шикі мұнай­ды сырт­қа сатқанымызға ғана мақтана аламыз.

Бүкіл әлем қазірде мұнай шикі­затынан алынатын өнім көрсеткішін 92-94 пайызға дейін жеткізуге талпынып жатыр.

Біз керісінше, өндіретін мұнайдың 90 пайызын шикі күйінше экспорттап жатыр­мыз. Бұл – өте үлкен олқылық. Бүгінде біз мұнай шикізатының аз ғана бөлігін мотор отындары мен дизельді отын ретінде қол­данып жатырмыз. Оның өзінде отандық тұтынушыларды атал­мыш өнімдермен толық­тай қамтамасыз етуге қабілетіміз жеткіліксіз. Өзіңіз білесіз, қазір бірқатар әлем елдері мо­тор­лы отындарға қатысты Еуро-5 стан­дар­тына еніп кетті. Өкінішке қа­рай, Қазақстан бұл межеде әлі Еуро-2 стан­дартына иек артып отыр. Мұның өзі біздегі мұнай өңдеу саласының кенже­леп қалған­дығын айғақтап тұр. Негізінен, дамушы және дамыған елдерде мұнай өңдеу зауыт­тарының қасында міндетті түрде мұнай химия өндірісі болады. Осы өндіріс орын­дары арқылы олар мұнай­дан қосалқы өнім алады. Ал біздегі Аты­рау, Шымкент, Павло­дар мұнай өңдеу зауыттары тек қана мотор отындарын шығарғанның өзінде халықты сапалы жанар-жағармаймен, дизельді отынмен қамтамасыз ете алмай отырған жоқ &

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 10

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .