176647 Үкімет арнайы бағдарлама қа­былдаса ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Елімізде қыруар қаржы кіргізетін табыстың көзі бар

Қазақ елінде қыруар қаржы кіргізетін табыстың көзі көп-ақ, құндыз бен ондатраны өсіріп, терісін өндесек.

Елімізде қыруар қаржы кіргізетін табыстың көзі бар
фото с сайта zooclub.ru

Бір қызығы, біз кейде қолдағы барды бағалай алмай жатамыз. Болмаса, сол кәсіптің көзінен шекеміз шылқып отырар еді. Бұл – ащы да болса, ақиқат нәрсе. Көбіне өзгенің ісіне таңғалып, бас шайқап жатамыз. Өркениетті елдердегі өрелі істер біз үшін таңсық нәрсе. Алайда оны өзіміз де атқара алмаймыз ба?

Қазір елімізде инновациялық жобаларға маңыз беріліп отыр. Мемлекет тарапынан қолдау жасалуда.

Дегенмен соған қаншалықты назар аударып келеміз? Кәсіпкерлер талайды таңғалдыратын жобаларға неге белсеніп кіріспейді? Бүгінгі күннің басты сауалына айналған аталмыш тақырып бізді ойға қалдырады.Қашаннан да сәнді киінгенді қалайтын қазекем бағалы аң терілерінен тігілген киімдерді көргенде, бағасына қарамастан сатып алып жатады. Қымбат жағалы пальто, қамқа тон, құндыз ішік, сусар бөрік және басқа да дүниелер жұрттың зор сұранысына ие.

Өкініштісі, бағасы бас шайқататын аталмыш киімдер өзімізде тігілмейді. Шетелден келеді.

Әрине, құны да қалтаға олқы түсірерлік. Бағалы аң терілерінен тігілген киімдер бізге жеткізілгенше екі есеге дейін қымбаттап кетеді екен. Мәселен, Қазақстанда әйелдерге арналған құндыз ішіктер 300 мың теңгеден басталады. Бір ішікті тігуге 10-ға тарта құндыз немесе ондатр терісі жұмсалады екен. Сапасына қарай одан әрі бағасы да арта береді. Алысқа бармай-ақ қоялық, көршілес Ресейдің өзінде осындай өндіріс орындары бар екен. Атап айтқанда, құдай қосқан қоңсымыздың Сібір аймақтарында құндыз, ондатр және бағалы аңдар өсіріледі. Онда осы тіршілікті кәсіп еткен адамдар баршылық.

Өкінішке қарай, бізде бұл жұмыс мүлдем дамып отырған жоқ

Ондатр мен құндыздың отаны Америка құрлығы екен. Өткен ғасырдың басында олар Еуропа құрлығынан жеткізілген. Мұхит асып келген тіршілік иелері кәрі құрлықты да жатырқай қоймаған көрінеді. Қазақ даласында өткен ғасырдың 40-жылдарынан бастап кездескен. Біздің еліміздің Іле, Шелек, Көксу, Сырдария, Шу өзендерінің бойында көзге ұшырасқан. Әрине, олар өздігінен келмегені белгілі. Сол уақытта мемлекет тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілген. Осының нәтижесінде, олардың саны көбейіп, қазақ даласын да жатсына қоймағанға ұқсайды. 1956 жылы Арал аймағында жылына шамамен алғанда 234 мың дана ондатр терісі өткізілген екен. Арада 20 жылдай өткенде бұл тіршіліктің қиюы кеткендей. Сол кезеңде бар-жоғы 74 дана ондатр терісін мемлекет қабылдап алған екен. Еркін ӨТЕГЕНОВ, Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басты­ғының міндетін атқарушы:– Қазіргі таңда біздің басқарма тара­пынан өңірде кездесетін барлық аңдар мен құстарды қорғау бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Кезінде саны азайып кеткен тіршілік иелерінің санын арттыруға назар аударылып отыр. Сондықтан алдағы уақытта бұл бағытта оң істер жүзеге асады.

Қазір құндыз бен ондатрды қолға шам алып іздесең, әрең табатының анық.

Өйткені оған қаншалықты қамқорлық жасалып жүргенін ешкім тап басып айта алмайды. Қолдағыны ұқсатудан гөрі сырттан тасы­малдауға әбден үйренген дағдымыздан әлі де арылатын түріміз жоқ. Болмаса, осы кәсіпті дамыта алсақ, қаншама табыс қалта­мызға құйылар еді. Осындай енжарлықтың салдарынан қолда тұрған ақшадан қағылып отырған жайымыз бар.

Өйткені оған қаншалықты қамқорлық жасалып жүргенін ешкім тап басып айта алмайды

Бүгінгі күні дүниежүзінде терісі бағалы тіршілік иелерін өсіріп, одан өнім дайын­дауды жолға қойған мемлекеттер баршы­лық. Еуропа құрлығындағы Грекия құндыз ішіктері елі деп аталады екен. Бағзы заман­нан өркениеттің ордасына айналған ежелгі Эллада жұрты бұл сала бойынша өзгелерден оқ бойы озық тұр. Сондай-ақ Франция, Италия секілді мемлекеттерде осы кәсіптің көзімен айна­лысып жүрген кәсіпкерлер бар. Біз қазір Голландияға қызыға қарап жүрміз. Олар қызғалдақты сыртқа шығарудан өз­геге өнеге көрсетуде. Әлем ғалымдары қызғал­дақтың түпкі отаны Қазақстан екенін дәлел­деді. Қысқасы, біздің ондатр мен құндыз өсіріп, оны өңдеуде есеміз кетіп жүр деуге толық негіз бар. Егер де, бұл салаға Үкімет көңіл бөліп, арнайы бағдарлама қа­былдаса оны еліміздің кез келген ай­мағында дамыта аламыз. Оразбай ҚОСАНОВ, биолог, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі: – Сыр өңірінде құндыз бен ондатр көп кездесетін. Ол кезде қазіргідей нарық за­маны емес. Қарапайым адам­дар да аулап жататын. Өкінішке қарай, оларды қорғауға қамқорлық жетіспеді. Соның салдарынан өте кеміп кетті.

Оны күтімге алып, бабын келтірсек, қыруар пайда табуға болады.

Осыдан 10-15 жылдай бұрын Сыр өңірінде ондатр бағуды бір кәсіпорын қолға алған еді. Дегенмен бұл бастама аяқсыз қалды. Бәлкім, қаржы тапшылығы қолды байлаған шығар. Қазіргі кезеңде елімізде инновациялық жобаларға маңыз беріліп отыр. Алайда құндыз бен ондатр өсіру мен одан өнім шығару назардан тыс қалып тұрған жайы бар. Бұл тіршілік қолға алына ма? Ол жағы бізге беймәлім. Әзірге қымбат киімге құмар қазақ үшін құндыздың құны өте арзан болып тұр десек те болады. Қол­дағы барды қашан ұқсата аламыз?

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .