176212 90 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданында кен өндірген комбинаттар жабы... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Шағын қалалар қайта жандана бастады

90 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданында кен өндірген комбинаттар жабылып қалған кезде жұмыс іздеген жұрт үдере көшіп, көп үйлер қаңырап қараусыз қалған.

Шағын қалалар қайта жандана бастады
фото с сайта business-taraz.kz

Енді ел еңсесі тіктелгеннен кейін бұл үйлер қайта жөнделіп, біртіндеп тұрғындарға беріле бастады. Қаратау қаласында 134 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 54-і коммуналдық меншікте.14-і аппаттық жағдайда тұр. Жергілікті билік бұл үйлерді жөндеуге облыстық және аудандық бюджеттен қаржы бөліп, бүгінде 90 және 44 пәтерлі екі үй жергілікті тұрғындардың игілігіне берілді.Айтқазы Қарабалаев, Талас ауданының әкімі:

- Есік терезелерін өздері салып алады. Біз тек қана стояктарын, үйдің ішіне кіретін отопления, светін, төбесін шатырының барлығын түгел жөндеп береміз. Бұл 90 кв үйге 35 миллион 800 мың теңге қаржы бөлінді.

Жергілікті жұртпен қатар мемлекеттік қызметкерлер де пәтерлі болып жатыр.

Сондай-ақ жоғарғы оқу орнын тәмамдап, туған жерге келіп қызмет жасаймын деген жас мамандар да баспанамен қамтылуда.Айтқазы Қарабалаев Талас ауданының әкімі:

- Жас мамандарға біз жергілікті бюджеттен 10 миллион қаржы бөліп бердік. Бұған 20 пәтерді жөндеп берсек 2010жылы келген,2011жылы келетін жас мамандарға тура осындай етіп жөндеп береміз.

Өзбекстаннан көшіп келген қандасымыз еңбек етем дегендерге Қаратауда жұмыс табылады дейді.

Баспаналы болғандардың бірі Жұмагүл Маханова. Өзбекстаннан көшіп келген қандасымыз еңбек етем дегендерге Қаратауда жұмыс табылады дейді.Жұмагүл Маханова, қала тұрғыны:

- Қазақтың қолонері міне. Алматыдан алыстан заказ келеді. Осы жерде отырып істеп бау, киіз жасаймын. Адамдар алып кетеді. Мынау тор аяқты баулардың әр қайсысы 1000 теңгеден тұрады. Кәзір 26 сы дайын тұр. Ақшасын әкеп алып кетеді.Осылай біртіндеп жинаған табысына Жүмагүл Маханова үйдің ішкі жабдықтарын алып, көктемге қарай қоныс той жасамақ. Жалпы аудан орталығында 134 отбасы үй-жайлы болды. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасады, дейді жергілікті билік. 

Источник: Хабар

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .