Финансы
175532 Шөкеев пен Умбетов қатысты ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Талғар ауданында "Hyundai Mo­tor Компани" зауы­тының тұ­са­уы кесілді

Тал­ғар ауданы Кал­хозшы ауы­лында "Hyundai Mo­tor Компани" зауы­тының тұ­са­уы кесіліп, оған Премьер-Ми­нис­трдің бірінші орынбасары Өмір­зақ Шө­кеев пен облыс әкімі Серік Үм­бетов қатысты.

Талғар ауданында "Hyundai Mo­tor Компани" зауы­тының тұ­са­уы кесілді
фото Жеңіс Ысқабайдікі

Аумағы 35 мың шаршы метрді құрайтын кәсіпорында жүк көліктері мен "Hyundaі" авто­бус­тарын құрастыру жал­ғасын та­ба­тын болды. Қазірдің өзінде мұнда елуден астам адам еңбек етсе, 2015 жылы олардың саны 200-ден асады деп кү­тілуде. Кәсіп­орын құрылысына 3 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған.

Көлікті құ­растыруға қатысты тетіктер Кореядан әкелі­ніп, аталған за­уыт­та жинақта­ла­ды.

Өндіріс ор­нының іске қосы­луына Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан На­зарбаевтың өткен жыл­ғы сәуір айындағы Оңтүстік Ко­рея­ға рес­­ми сапары кезінде жүр­гі­зілген келіссөз нәтижесінде қол жеткізілгенін де атап айтқан жөн.Зауыттың ашылу салтана­тын­­да Вице-премьер аталған құнды жобаның отандық эко­но­миканың қуатын арттырумен қатар, өнді­рісті жетілдіруге ар­нал­ған мемлекеттік бағдарлама­ның бір бөлігі екендігіне тоқ­талды. Және Ел­ба­сының "Қа­зақ­станда жасалған" атты пат­риоттық бастамасын жү­зеге асы­рудың негізі екенін де атап көрсетті. Мұнда 1,5-тен бастап 15 тоннаға дейін жүк көте­ре­тін техникалар, жүк көтергіштер, борттық фургондар, рефрижераторлар, қоқыс, су тасушы, манипулятор және басқа да ком­му­нал­дық, ауыл­шаруа­шы­лық тех­ни­ка­ларын жинастыру жос­пар­ланып отыр. Бұл бас­та­маға еліміздегі "Астана групп" ком­па­ниясының іскерлікпен үл­ес қо­сып отыр­ғанын да ай­рықша айтуға болады.

Қазақстанда құрас­ты­рылған көліктің сапасы Ко­рея­дағы нұсқасынан кем емес­­

Жалпы, автомобиль өнді­рі­сін кеңейтуге Үкімет тарапынан нақ­ты қолдау көрсетілетіні де сөз болды. "Hyundai Motor Компани" компаниясының вице-пре­зиденті Гар­ри Чой Қазақстанда құрас­ты­рылған көліктің сапасы Ко­рея­дағы нұсқасынан кем емес­­тігіне, кәсіп­орында барлық тех­но­ло­гиялық талаптар қатаң сақ­талып, өнеркәсіп және сапа менеджменті жүйесі іске қо­сыл­ғанына назар аударды. Сон­дай-ақ, зауыттағы көптеген мамандар Кореяда ар­найы оқу курс­та­рынан өткен.

Екі мемлекет ара­сын­дағы ынтымақ­тас­тық­ты осы­лайша нақ­ты іспен дамыта түсуге мүм­кіндік жасаған Қазақстан Үкіме­тіне, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне, Алматы об­­лысының әкі­міне алғыс білдірілді. Биыл зауытта 500 көлік құ­растырылмақшы.

Алдағы жыл­да­ры оның саны 1000-ға жетеді деп күтілуде.

Автокөліктер ең ірі кө­лік сату орындарында сау­дала­на­ды. Сонымен қатар, компания еліміздің ірі қала­ларында сапалы да тиімді бағамен автомобиль қызметін көрсетпекші. Осы күні зауытта құрасты­рылған алғашқы автокөлік иесіне аттанды.

 

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 5

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .