175241 Ертеңнен бастап Өскемен қаласында сүт 4 теңгеге арзандай бастайды. Бұ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Өскеменде сүт бағасы 4 теңгеге арзандайды

Ертеңнен бастап Өскемен қаласында сүт 4 теңгеге арзандай бастайды. Өскеменде сүт бағасы 4 теңгеге арзандайды

Бұл туралы инфлияциялық үдерістерді ұстап тұру бойынша өткен қалалық штаб отырысында қала әкімінің міндетін атқарушы Оксана Желякова мәлім етті.

Бағаларды арзандату жөніндегі уағдаластыққа алдыңғы қатарлы екі кәсіпорынмен болған келіссөздердің арқасында қол жеткізілген.

4 ақпаннан бастап осы екі кәсіпорын өндіретін сүт сауда желілерінде бір литрі үшін 126 теңгемен сатылатын болады.Ал өз кезегінде саудагерлер қосып сататын баға да 13 пайыздан 9 пайызға дейін төмендеп, бір литр сүттің бағасы 143 теңгеден 136 теңгеге дейін арзандайды.Әзірге қаладағы ірі сегіз дүкен ғана сүт бағасын 13 пайыздан 9 пайызға төмендетуге келісімдерін беріп отыр.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .