Финансы
175172 Бахмутова: Жұмыстар жүргізіліп жатыр ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанда Исламдық қаржыландыру шариғат кеңесі құрылады

Еліміздегі Исламдық қаржыландыруды дамыту үшін орталықтандырылған шариғат кеңесін құру керек.

Қазақстанда Исламдық қаржыландыру шариғат кеңесі құрылады
фото с сайта vesti.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010 жылғы жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында аталмыш ведомствоның төрайымы Елена Бахмутова айтты."Қазір елімізде исламдық қаржыландыру туралы көп айтылатын болды. Бұл нарықты дамытуға Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы ықпал етуде. Оған біз де көмектесіп жатырмыз. Бізде шешілмеген бір міндет бар. Исламдық қаржы құралдары толыққанды даму үшін орталықтандырылған шариғат кеңесі құрылуы керек", - дейді Е. Бахмутова. Оның айтуынша, қазір бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірқатар өнімдер стандартталды.

Жалпы, бүкіл қаржы жүйесінде реттеу шаралары бірдей болмақ.

Тек өзіндік ерекшеліктері ғана ескерілмек. Өйткені әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс реттелмейтін субъектілерді құру дағдарысқа апаратын жол екенін көрсетіп берді.

Источник: ИА "Казинформ"
В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .