Финансы
175140 Олардың активтерін тазалау үшін түрлі қадамдар жасалады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстан банктері проблемалы кредиттерден құтылады

Алдағы уақытта банктердің проблемалы активтерін тазалау яғни қалыпқа келтіруде түрлі қадамдар жасалады.

Қазақстан банктері проблемалы кредиттерден құтылады
фото с сайта alashainasy.kz

"Қаржы секторындағы ахуал тұрақты. Былтыр көптеген шаралар жасалынды. Егер мәселелі кредиттер жайы шешіліп жататын болса банк жүйесі қалыпты өз дамуына қарай қадам жасайтын болады". Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары Мұрат Байсынов бүгін Алматыда агенттіктің 2010 жылғы жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтты."Алдағы уақытта банктердің проблемалы активтерін тазалау яғни қалыпқа келтіруде түрлі қадамдар жасалады. Банктер мәселелі активтерді беретін компанияларды құрады. Сонымен бірге заемшылардың жағдайын жақсартуға бағытталған заң жобасы қабылданады. Ипотекалық несие алушылар мен инвесторлардың құқын қорғайтын бұл заң жобасы Елбасына қол қоюға берілді", дейді Мұрат Байсынұлы.ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасарының сөзіне қарағанда.

Егер заем алушының келісімі болмаса келісім-шартқа банк біржақты өзгерістер енгізе алмайды. Көрсетілген пайыздар өзгертуге жатпайды. Земшының алған несиесін қайтаруға жеңілдіктер жасау арқылы банктердің мәселелі активтердің көлемі азаймақ.

Егер заем алушының келісімі болмаса келісім-шартқа банк біржақты өзгерістер енгізе алмайды

М. Байсыновтың айтуынша, заң жобасында Ұлттық банк ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің келісімімен нормативтік құқықтық акт қабылдайды. Ол бойынша банктер кредитке онда көрсетілген көлемнен артық үстеме қоя алмайды.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 5

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .