Финансы
174764 Базардағы бағалар арзандайды деп күтуде ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Өскемендіктер Қытайдан көкөніс әкелуді ұйымдастырды

Өскеменге Қытайдан көкөніс пен жеміс-жидек керуені келді. Көршілес елден мыңдаған шақырым жүріп келген жүк көліктері бүгін қалаға жетті. Өскемендіктер Қытайдан көкөніс әкелуді ұйымдастырды

Олар аймаққа 10 түрлі көкөніс пен жемістің 350 тоннасын жеткізіп отыр. Шенеуніктер бұған қол жеткізу үшін Қытай кәсіпкерлерімен алдын ала келіссөз жүргізген.

Өнім алдағы күндері Өскемен, Семей қалалары мен аудандарға саудаға шығарылады.

 Ержан Сембинов - ШҚО әкімі аппаратының қызметкері

"Кәсіпкерлермен кездесіп жиналыс өткіздік. Бір керуенмен барып бір жерден алсақ ол жақ та бағаны түсіреді ғой. Осы шешімнен кейін бірге аттандық. Кәсіпкерлер 20-25 пайызға арзан алды тауарды".

 Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстанда қоймаларда көкөніс қоры таусылғандықтан оның бағасы шарықтап кеткен болатын.

Жұрт қиярды 700, қызанақты 450 және картопты 140 теңгеге сатып алуға мәжбүр болды.

Шенеуніктер Қытайдан әкелінген өнімдер саудаға шыққан соң баға арзандайтынына сенімді.  Мұндай шара жазға дейін жалғаспақ.  

Источник: 7 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .