173822 Малды өсіретін мамандарын даярлау керек ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Асыл тұқымды малды өсіру проблемаларына назар аударылды

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ауыл шаруашылығы министрлігіне асыл тұқымды малды өсіретін мамандарды даярлау бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Асыл тұқымды малды өсіру проблемаларына назар аударылды

Ол бұл тапсырманы министрліктің бүгін өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде берді.

Үкімет басшысы шетелден сатып алынатын асыл тұқымды малды өсіретін кәсіби мамандардың тапшылығына тоқталды.

"Арнайы дайындықсыз осы іспен айналысқан жағдайда асыл тұқымды малды өсіру жұмысы мүлдем басқа арнаға түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан министрлік жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, асыл тұқымды малды өсіретін мамандарды даярлау бағдарламасын әзірлеуі қажет. Бәлкім, біз оған мемлекеттік ресурстарды бөлетін шығармыз. Асыл тұқымды малды өсірумен айналысатын мамандардың арнайы дайындығы болуы тиіс", - деді К.Мәсімов.

Асыл тұқымды малды өсірумен айналысатын мамандардың арнайы дайындығы болуы тиіс

Осы орайда Үкімет басшысы мамандарды даярлайтын аймақтық орталықтарды ашуды ұсынды. "Бізде 90-жылдардың тәжірибесі қайталанбауы тиіс", - деп атап көрсетті ол.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 3

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .