173816 Батыс Қазақстан облысында жұмыспен қамтудың 2008-2010 жылдарға арналға... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Батыс Қазақстанда бір жылда 8305 жұмыс орны ашылды

Батыс Қазақстан облысында жұмыспен қамтудың 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына сәйкес өткен жылы 6115 жұмыс орнын ашу көзделсе, бұл 8305-ке жетіп, жоспар артығымен орындалды.

Батыс Қазақстанда бір жылда 8305 жұмыс орны ашылды
фото с сайта socialvko.gov.kz

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде өнеркәсіпте - 510, ауыл шаруашылығында - 987, құрылыс пен коммуналдық шаруашылықта - 1386, саудада - 635, көлік пен байланыста - 200, білім беру мен денсаулық сақтауда - 1556, экономиканың өзге салаларында 851 жұмыс орны ашылып, 2180 адам уақытша және маусымдық жұмыстарға тартылды.

Жұмыс орнының тең жартысынан астамы немесе 59,3 пайызы (4924) ауылдық жердің үлесіне тиеді. Бұдан басқа "Жол картасының" инвестициялық бағыттары бойынша 5143 жұмыс орны ашылды.

Барлығы 22755 адам жұмысқа орналастырылса, соның 18493-і жұмыспен қамту органдары арқылы жолданды.

Соның ішінде "Жол картасына" сәйкес 3965 адам еңбек орнын тауып, әлеуметтік жұмыс орнымен - 2227, жастар тәжірибесімен 1301 адам қамтылды. Шағын бизнеске 4262 адам орналасты.

"Жол картасының" инвестициялық бағыттары бойынша 5143 жұмыс орны ашылды.

Өндірісте кадрларды тұрақтандыру үшін жұмыссыздар үшін 1340 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. Ал ақылы қоғамдық жұмыстарға 7609 адам жіберілді, бұл аймақтық бағдарламада көзделгендегіден 11,3 пайызға көп.Биылғы 1 қаңтарға кедей отбасылар саны 1770-ті құрап, 2010 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда, 1149 отбасыға қысқарды.

 

Источник: ИА "Казинформ"
В статье: Зко, Уральск

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .