173613 Мемлекеттік бағдарлама арқылы ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанда шағын қалалардың проблемалары шешілетін болады

Шағын қалалардағы шағын және және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету мақсатында, "Даму" қоры арнайы бағдарлама әзірлеп жатыр.

Қазақстанда шағын қалалардың проблемалары шешілетін болады
фото с сайта damu.kz

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ринат Талтүсовтың хабарлауынша, бұл бағдарламаның мақсаты - несиелік ресурстардың қолжетімділігін арттыру және оның жедел берілуін қамтамасыз ету, жеңілдік шарттармен заемшыларға қаржылай қолдау көрсету және несиелік ресурстардың құнын мүмкіндігінше төмендету, бағдарламаға қатысушы банктер мен лизингтік қатысушылардың ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану. 

Әдетте, шағын қалалардың өнеркәсіптік өндірістері бірді-екілі салалармен шектеледі.

Алматы облысы - шағын қалалардың саны және оларда тұратын халықтардың жалпы саны бойынша Қазақстанның көшбасында: Қапшағай, Текелі, Үшарал, Есік, Үштөбе, Қаскелең, Жаркент, Сарқанд және Талғар сияқты 9 шағын қала бар және оларда жалпы есеппен 284 мыңдай халық тұрып жатыр. 

Бағдарламаның мақсаты - несиелік ресурстардың қолжетімділігін арттыру,  жеңілдік шарттармен қолдау көрсету.

Өндірістің төмендеуі немесе қала құрушы кәсіпорындардың тоқтап қалуы, шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, сұраныстың жоқтығы немесе халықтың сатып алу қабілетінің төмендігі, өткізу нарықтарының қашықтығы - міне осының барлығы шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын қиындатып отырған факторлар болып табылады.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .