173563 Аймақтың бірқатар кәсіпорындарында Қазақстан ғалымдарының өнертабыстар... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Павлодар облысы өндіріске отандық ноу-хау енгізуге белсенді түрде кірісті

Аймақтың бірқатар кәсіпорындарында Қазақстан ғалымдарының өнертабыстары жақсы нәтижелер беруде. Бүгін "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі Павлодарда бірқатар жаңа жұмыстармен таныстырып, жергілікті билік орындарының қолдауына ие болды.

Павлодар облысы өндіріске отандық ноу-хау енгізуге белсенді түрде кірісті
фото с сайта spb-venchur.ru

Энергетика, машина жасау, түсті және қара металлургия, фармацевтика және телекоммуникация сияқты салаларда отандық ғылым бір орнында тұрған жоқ.

Павлодарда "Парасат" холдингі 26 инновациялық жобаны алға тартты.

Бұл алюминий өндірісі, электроэкология және әлеуметтік жобалар саласындағы озық технология сияқтылар. Осыларды өндіріске енгізу жөніндегі ымыраны холдинг өкілдері мен әкімдік арнаулы меморандуммен бекітті.Нұралы Бектұрғанов, "Парасат" холдингі басқармасының төрағасы: - Біз баер-жымдасудың орнына жаңа гидрогрананттық технология енгізбекпіз. Бұл алюминий өндірісіндегі жаңалық. Бізде энергоэкологиялық технология да бар. Бұл электр қуатын үш еседей үнемдейтін гидродинамикалық қыздырғыштар. Жылу сорғылары да бар. Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыстар да баршылық. Бұлар оқулықтар, сөзді түрлендіргіштер – әлеуметтік саладағы аса үлкен жаңалықтар.Павлодар облысын үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың жетекшісі деп атайды.

Аймақтың үлесінде 55 түрлі ірі жоба бар.

"Парасат" холдингінің ұсыныстары тыңғылықты зерттеледі, ал неғұрлым тиімділері таяудағы уақыттарда жұмыс істей бастайды. Нұралы Бектұрғанов айтқандай, жыл бойына холдинг 43 жаңа ұсынысты қолдаған. Оның ішінде құны 400 млн теңгелік көмір қабаттарынан метан айыру, сондай-ақ 1 млрд теңге бөлінген фитокластер сияқтылар бар. Басқа ноу-хаулар арасынан – жылу сорғылары, алтын өндіру жөніндегі жаңа әдістер, географиялық карталарды атауға болады.

Источник: Хабар

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .